Жақында Жанқожа батыр мен Майдакөл ауылдарындағы тұрғын үйлерге сервистік су желілерін жүргізу басталады. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары аяқталып, жеңімпаз мекеме анықталды.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Биыл құрылыс жұмыстарын бастап кету үшін екі ауылға аудандық бюджеттен 20 млн теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда Жанқожа батыр мен Майдакөл ауылындағы құрылысты бастау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.