Ағымдағы жылдың 8 қыркүйек күні бөлімнің ауласында бөлім бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Байоразова Айгүл Темірханқызының қатысуымен, жеке құрам яғни тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары, патрульдік полиция қызметкерлері сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды.
Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, нысандық киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, нысандық киімінің тазалығы басты назарға алынды.