Қазалыда 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазалыда 9 мектепке ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

 

Биылғы жылы Қазалы ауданында Ж.Жабаев атындағы №234 мектепке күрделі және №70, 88, 95, 98, 216, 165, 249, 266 сынды 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім ошақтарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталып, жаңа оқу жылына пайдалануға беру жоспарланып отыр.
8 мектепке жасалатын ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 372 млн. теңгеге қаржы қаралса, Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 457,1 млн.теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, биыл Әйтеке би кентіндегі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей ауласына жаңадан ойын алаңы салынды.