Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы - мемлекеттік аудиторы Каржауов Нурлыбек Кенесович түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы аясында және қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында қызметкерлерге түсіндірілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың салдары, оның қоғам мен мемлекеттік органдардың дамуына тигізер кері әсері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, заң талаптарын бұзуға жол бермеу, сондай-ақ өз лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланбау қажеттігі жөнінде нақты мысалдар келтіріліп, профилактикалық сипаттағы кеңестер берілді.
Жиын соңында бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары мен тетіктері туралы ұсыныстары тыңдалып, күнделікті қызмет барысында ашықтық пен адалдық қағидаттарын басшылыққа алу қажеттігі атап өтілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.