Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов ауданға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірге Әйтеке би кентіндегі бірқатар нысандарды аралады.
Айта кетейік, мәжіліс депутаттары жұмыс сапары барысында Майлыбай елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Есет Серимовтың түйе шаруашылығыныңда жұмысын көріп, шаруашылық иесімен тілдесіп қайтты.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге қатысты мәжіліс өтті.Мәжілісте аудан әкімі бюджеттің тиімділігін арттыру аясында салық базасын ұлғайту жұмыстары күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін айтып, бюджетті тиімді басқару және сапалы жоспарлау басты міндет екенін жеткізді.Басқосуда салық базасын ұлғайту жұмыстарының ауданда орындалуы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мейрамбек Ибраимов баяндама жасады.Баяндамашыдан кейін аудан әкімі тиімді салық саясатын жүргізу, ауданның бюджетіне түсімдердің толыққанды түсуін, тиімді жоспарлануын әрі игерілуін сапалы және нәтижелі ұйымдастыру басты міндет екенін айтып, бұл жұмыстарды әрі қарай жандандыру жөнінде тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ осы мақсатта құрылған арнайы жұмысшы топтың жұмысын күшейтіп, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сыртта жүрген кәсіпкер жерлестерді жергілікті жерге тіркету бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін ескертті.Мұнан соң 2024 жылдың I жартыжылдығындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мен шағын және орта кәсіпкерлік саласының даму көрсеткіштері жайында сөз қозғалды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қазнагүл Бәкенова мен аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арыстанбек Қанатов баяндама жасады.Аудан әкімі тиісті сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне облыс тарапынан ауданға бекітілген межелер бойынша нақты жұмыс жасап, ауданның көрсеткіштері мен жоспарлы индикаторлардың орындалуы бойынша аудандық статистика басқармасымен, жауапты орындаушылармен бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.Сонымен қатар ауданның экономикалық өркендеуіне шағын және орта кәсіпкерлік саласының тигізер үлесі зор екенін айтып, барлық кент, қала және ауылдық округтерде кәсіп ашамын деген азаматтарға қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан берілетін үлкен мүмкіндіктерді пайдалану керектігін жеткізді. Сондай-ақ мәжілісте қаралған әрбір мәселе бойынша жауапты орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеп, бұл жұмыстарға бақылауда күшейтуді тапсырды.Жиын соңында аудан әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы күн тәртібінен түспейтін мәселе екенін айтып, аудан орталығы мен ауылдық округтер бойынша тазалық жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыруды тапсырды.
Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының депутаттары Геннадий Шиповскихпен Алишер Сатвалдиев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Сенат депутаттары аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетпен бірге ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары мен бірқатар әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ тұрғындармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айта кетейік, халық қалаулылары жұмыс сапары барысында Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы музейдің де жұмысымен танысты.
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінің төл мерекесіне орай журналистика саласының ардагерлерімен, жергілікті басылымда қызмет жасап жүрген тілшілер қауымымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шараға аудандағы журналистер қауымы мен сала ардагерлері, аймақтық «Тұран - Қазалы», аудандық «Қазалы» газеті редакциясының ұжымдары мен «Серік тв» телеарнасының қызметкерлері қатысты.
Мерекелік кездесуді аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп ашып, журналистер қауымының бүгінгі қоғамдағы атқарып жүрген елеулі еңбектерін атап өтті.
Жиын барысында ардагер-журналистер Қазалы ауданының құрметті азаматы Қасқырбек Мамбетжанов, Махамбет Жеткербай, аймақтық «Тұран-Қазалы» газетінің бас редакторы Раушанбек Сейтенов, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, ақын Алмагүл Қаржаубаева баспасөз саласына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, құрмет көрсеткен аудан басшысына алғысын айтты.
Кездесуде аудан әкімі ауданымыздағы жаңалық жаршысына айналған ұжымдарға ақпарат саласындағы еселі еңбектері үшін құттықтау хатын мен бағалы сыйлықтар табыстады. Одан бөлек, ауданның мәдени-қоғамдық өміріне белсене араласып, оқырман жүрегіне жол таба білген ардагер-журналистерге сый-құрмет көрсетті.
Сонымен қатар БАҚ саласында еңбек етіп жүрген тілшілер мен сала қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік басқосу соңы аудан өнерпаздарының әншашуына ұласты.
Елімізде жыл басынан бері су айдындарында 55 адамның суға бату жағдайы орын алса, оның 25-і бала. Ал Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында 2024 жылғы 25 маусымдағы жағдайға сәйкес 13 адам қаза болған.
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі адамдардың суға түсуге бейімделмеген жерлерге суға түсуінен болып отыр. Демек мұндай жерлерде суға түсуге рұқсат етілмейді.
Бүгінде Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Қазалы ауданы аумағындағы «Қашқан су» учаскесі ( милиция көлі) көпшілік демалуына арналған коммуналдық жағажай ретінде белгіленді.
Ол жерде адамдардың суға шомылғаны үшін ешқандай ақы алынбайды. Бұл аумақтағы жеке кәсіпкердің «BAQYT» кешені де демалуға келген жұртшылыққа тиімді бағада ас мәзірімен қызмет көрсетеді.
Судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және коммуналдық меншіктің жай-күйін көру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев бастаған жұмысшы топ аталмыш кешенге арнайы барды. Онда жеке кәсіпкеркермен кездесіп, демалушыларға суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін барынша сақтау жөнінде түсіндіріп отыру керектігін ескертті.
«Қате аяқ астынан» деп жатады дана халқымыз. Тәжірибелі немесе әуесқой жүзуші болса да суға батудан ешкім сақтандырылмаған. Сол үшін адамдардың судағы қазасын болдырмау үшін рұқсат етілген, шомылуға бейімделген орындарда суға түсуге кеңес береміз.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және
оларды жою жөніндегі Қазалы аудандық комиссиясы
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен аудандағы ағымдағы жұмыстар мен болашақ міндеттер бойынша кеңес өтті.
Отырыста ауданның құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Нұрбек Күзембаев ауданда жүргізіліп жатқан және болашаққа жоспарланған құрылыс жұмыстары туралы есеп берді.
Корреспонденттен кейін аудан әкімі ауданның әрбір ғимараты сапалы және уақтылы аяқталуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты тиісті ведомствоның бастығы әр қала, қала және ауыл әкімдеріне өз аймақтарындағы құрылыс жұмыстарын мұқият қадағалап, кемшіліктерді қабылдамауды ескертті.
Сондай-ақ, тиісті сектор басшыларына ауданның сәулеттік келбетін бұзу, құрылысты реттеу талаптарын сақтау, қызыл сызықты бұзу, заңсыз құрылыстар салу фактілерін анықтау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Әйтеке би ауылында, Қазалы қаласында және ауылдық округтерде құрылыс жұмыстарының сәулеттік келбеті мен абаттандырылуын бұзған жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды, бұдан басқа, оған құрылыс жұмыстарын жүргізу тапсырылды және қатесіз жер учаскелерін қайтару жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін мәлімдеді.
Кеңес соңында аудан басшысы өз орынбасарына ауданның әрбір құрылысының аяқталу сапасын және Мәжілісте қойылған міндеттердің орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жуық арада ғана іске қосылған «Жанкент Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріш ақтау зауытының жұмысымен танысты.
Аудан әкімі кәсіпкерлік нысандардан кейін Қазалы қаласында орналасқан «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығының» Оңтүстік – батыс аймақ филиалы мекемесіне барып, тұқым бағының жұмысын көрді. Бүгінде тұқым бағында Арал теңізінің құрағаған ұлтанына егілетін сексеуіл көшеттерінен бөлек құрғақшылыққа төзімді 10-нан астам ағаш көшеттерінің түрі егілуде.
Аудан әкімі алдағы уақытта тұғым бақта өсіріліп жатқан ағаш көшеттерін аудан орталығына әкеліп отырғызу керектігін айтып, жауапты орынбасарына алдағы уақытта бұл жұмыстарды қолға алуды тапсырды.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау ұйымдары және аудандық білім бөлімі мекемелерін аралап, әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді.
Аудан басшысы денсаулық сақтау мекемелерін аралау барысында аудандық ауруханадағы ем алушылармен тілдесіп, олардың жағдайын сұрады. Сондай-ақ медициналық құрылғыларды көріп, мекеме басшыларына ғимараттардың аулаларын абаттандыру, санитарлық тазалығына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен аудандағы білім саласы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді талқылауға қатысты аппарат мәжілісі өтті.
Ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала басшылары бірлесе отырып, мемлекет тарапынан беріліп жатырған мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыссыздықтың алдын алу бағытында бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.
Қасиетті Қазалы топырағы талай дарындарды, даңқты тұлғалар мен елге еңбегі сіңген нағыз еңбек ерлерін дүниеге әкелген киелі мекен.
Қазалыда осындай туған жердің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР Жоғары кеңесінің депутаты, атақты күрішші Көлжан Оразалиеваның 100 жылдығына орай тағылымға толы шара өтті.
Ғани Мұратбаев ауылдық округінде өткен мерейтойлық шаралардың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов қатысып, барша ауыл тұрғындарын, еңбек ардагерінің ұрпақтарын мерейтоймен құттықтап, аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің құттықтауын табыстады.
Мерейтойлық шараларда «Мен анамын бақыт тапқан еңбектен, бір қолыммен бесігімді тербеткен» атты жас аналар байқауы, «Еңбек fest» атты еңбек фестивалі, жүгіру марафоны және ұлттық спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар Көлжан Оразалиеваның өмір жолына байланысты ұрпақтарының жазған «Асыл әжем ардақты» атты кітаптың ашылу рәсімі өтті.
Көлжан Оразалиева 1924 жылы Қазалы ауданындағы Ғани Мұратбаев ауылында дүниеге келген. Еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері. Қазақ КСР-і ауыл шаруашылығының озаты. 1945 жылдан күріш өсірушілер звеносының жетекшісі. 1948 жылы оның звеносы күріш егістігінің әр гектарынан 81 центнерден астық жинаған.
Еңбектегі осы жетістігі үшін оған СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1950 жылы Ленин орденімен марапатталған. 1951 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды. 1966 жылы Қазақ КСР-і ауыл шаруашылығының үздігі белгісімен марапатталған.
Күріш өсірудің шебері кейінгі жылдары да бар күш-жігерін, білімін, тәжірибесін мол өнім өсіруге жұмсады. Көп жылғы өнімді еңбегі үшін 1966 жылы оған «Қазақ ССР-і ауыл шаруашылығының озаты» белгісі берілді.