Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауылшаруашылығы

Анықтама 2025 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысы Қазалы ауданының  жер қатынастары саласы бойынша  атқарылған  шаралар туралы

АНЫҚТАМА

Қазалы ауданының 2024 жылғы 1 қарашадағы жылдық жер есебі бойынша аудан территориясы 3 759 706 гектар жерді құрайды, оның ішінде санаттар бойынша ауыл шаруашылық жері 319746,304 гектар, елді-мекен жерлері                        238 180 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлері 81265582 гектар, орман қорының жерлері  1 785 550  гектар, су қорының жерлері 14 679 гектар, мемлекеттік жер қоры     1 298901,712  гектар, басқа мемлекеттің пайдалануындағы жер қоры                                          101 836 гектарды құрайды.

Ауданда 566 шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу мақсатында 222674,05 гектар жер учаскесі ауылшаруашылығы мақсатында жерддің 69,64 пайызын құрайды.     

        Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу туралы.

2025 жылға 3 ай бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбаған   3 жеке және заңды тұлғалардан көлемі  580 гектар гектар жерлері мемлекеттік жер қорына қайтарылды.

ҚР Жер кодексінің 48-бабына сәйкес қала, кент, және ауылдық округтер бойынша аукцион, конкурстар арқылы сатуға жататын жер учаскелерінің тізбесі жасақталып,          2 рет аукцион электронды түрде өткізілді.

.                                   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

 2025 жылдың 3 айы бойынша  «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»мемлекеттік көрсетілетін 107  қызмет   болды.

 

 


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың ІІI тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

ЕГІС КӨЛЕМІ. Қазалы ауданы бойынша үстіміздегі жылы барлығы   17 029 га ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (меже 17 377 га, 97,9 %).  Күріш 6200 га.

Дәнді дақылдар 6552 га, майлы дақылдар 55 га, картоп, көкөніс, бақша 2101 га, мал азықтық дақылдар 8321 га.

Анықтамалық: Егісті күтіп-баптау жұмыстары. Күріш егісінің 4800 га үстеп қоректендіру жұмыстары жоспарланса, 4800 га (100 %) орындалды. Күріш дақылының арам шөптеріне қарсы 4800 га өңдеу жоспарланып 5000 га өңделді (104,2 %).

Бұдан бөлек, 616 га сүрлемдік жүгері дақылына 2 рет культивация жүргізіліп, толығымен үстеп қоректендірілді.

Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын қосымша егу үшін барлығы 281 адам бірігіп 146 гектарға (18 га картоп,              54 га көкөніс, 74 га бақша) ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты.

ТЕХНИКА ДАЙЫНДЫҒЫ. Егін орағына 285 дана ауыл шаруашылығы техникасы (42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі, 59 тіркеме) (100%) толық жөндеуден өтіп егін жинау жұмыстарына қатысуда. Дала жұмыстарында жүрген жатка мен комбайнның                 26 данасы шетелдік заманауи техникалар (8 Джон-Дир, 9 Класс, 8 Магдон және 1 Торум).

Шаруашылықтар бойынша егін жинау науқанына қатысатын техникаларға қажетті қосалқы бөлшектер мен қою май және жағар май қорлары жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.

ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ.  Мемлекет тарапынан күзгі дала және егін жинау жұмыстары үшін барлығы 619 тн (тамыз 180 тн, қыркүйек 230 тн, қазан 209 тн)  дизель отыны бөлініп, әр литрі 248 теңгеден босатылып, бүгінгі күнге шаруашылықтар бойынша 380 тонна /61,4%/. дизель отынына қаражат аударылып 311 тн алынды. /50,2 %/.

Шаруашылықтар gosagro.kz электронды сайты арқылы жеткізіп беруші операторлар етіп "Жібек Жолы ЛТД" ЖШС мен "Petro Retail" ЖШС таңдалды.

СУАРМАЛЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. Егістікті сумен қамтамасыз ету үшін 334,0 млн.м³ су лимиті бөлініп, пайдаланылды.

Басықара су торабына 32 м3 су түсіп, оның 2 м³ Оң жаға, 3 м³ Сол жаға 2 м³ және Ақсай арнасы арқылы босатылып, 25 кубы төмен жіберілуде.

Күріш егістігінің жағдайы туралы. Егілген күріш дақылының 3569 га жақсы (57,6 %), 1869 га орта (30,1 %), 762 га нашар (12,3 %) деп бағалануда.

ЕГІН ЖИНАЛУ.  Сондай-ақ, биылғы жылы егілген 333 га бидайдан 205 тн (орта өнім 6,2 цн/га), 14 га арпадан 13 тн (орта өнім 9,3 цн/га), 50 га мақсарыдан  20 тн (орта өнім 4,0 цн/га). 5 га тарыдан 8 тн (орта өнім 1,6 цн/га). 5 га күнбағыстан 9,2 тн (орта өнім 1,84 цн/га). 4532 га ескі жоңышқадан 12691 тн шөп алынса, (орта өнім 28,0 цн/га). ү.ж егілген  2851 га жаңа жоңышқа дақылынан 1436 тн мал азығы жиналды (орта өнім 5,0 цн/га).

Бұдан бөлек, 882 га көкөністен 10672 тн және (92,7%, орта өнім 121 цн/га), 20 га картоптан 224,0 тн (62,5 %, орта өнім 112 цн/га). 1020 га бақшадан 13770 тн (91,2 %, орта өнім 135 цн/га). 490 га сүрлемдік жүгеріден 3810 тн (79,5 %, орта өнім 77,9 цн/га). өнім алынды аталған жұмыстар жалғасуда.

Аудан бойынша бүгінгі күнге 6200 гектар күріштің 1628 га                (26,3 %) ораққа түсіп 1036 га бастырылып (17,6%)  4231 тн өнім алынды. (орта өнім 40.8 цн/га) Күріш ору жұмыстарын қазан айының 5-не және бастыру жұмыстарын 10-на аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құрылымдарының биылғы жылдың егістігіне пайдаланылған суына қарызы 68,5 млн теңге құрайды. ("Рза Агро" ЖШС 26,5 млн теңге, "Агро Өркен" ЖШС 10,1 млн теңге, "Жалаңтөс батыр" 5,2 млн теңге, "Мерей" ШҚ 0,8 млн теңге, "Жанкент агро" ЖШС 6,8 млн теңге, "Ақмаржан" ШҚ 12,1 млн теңге, "Береке" ШҚ 4,7 млн теңге, "Өте" ШҚ 1,1 млн теңге, ауылдық округ әкімдері мен мекемелер 1,1 млн теңге)

 

ЕГІСТІК АЛҚАПТАРДЫ МАЛДАН ҚОРУ ТУРАЛЫ.

Аудан аумағында егістік жерлерді малдан қору туралы тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында аудан әкімі М. Шермағанбеттің 13.08.2024 жылы №197 өкімімен аудандық штаб құрылды.

Штаб құрамы аудан көлемінде егістік жерлерде қараусыз жүрген малдарды егінге түсірмеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуде. Бұл жөнінде Өзіңізге күнделікті мәлімет ауыл шаруашылығы мен жер қатанастары бөлімі тарапынан ұсынылып келеді.

Атап айтқанда бүгінгі күнге дейін, егістік жерлерді таптап, бүлдіргені үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147 бабына сәйкес 3 тұрғынға шара көріліп, 221 520 теңге айыппұл салынды.

Анықтамалық: Бозкөл Өтепбергенов Ғалымжан, Ақтан батыр Зинадинов Оңталап.Қазалы қаласы Атымтай Бекзат Айыппұл нормативі 73 840 теңге.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408 бабына сәйкес 18 тұрғынға шара көріліп, 199 368 теңге айыппұл салынды. (Қазалы қаласы 7, Қарашеңгел 4, Бозкөл 1, Әйтеке би кенті 2, Ғ.Мұратбаев 3, Құмжиек 1 тұрғынға)

Сондай-ақ, «Рза-Агро» ЖШС-нің Ғ.Мұратбаев ауылында орналасқан жүгері егістігіне түскен Ақтан батыр ауылының тұрғыны            О.Зинадиновтің 11 бас МІҚ малы бірдейленбегені үшін ветеринариялық станция мамандары арқылы акті жасалынып аумақтық ветеринариялық инспекциясына шара көру үшін жолданып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы кодексінің                406 бабының 9 тармағының 1 тармақшасына сәйкес ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Атап өту қажет, аудан бойынша биылғы жылы күріш дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған егістік алқаптарында қараусыз жүрген МІҚ және жылқы малдары түсірмеу үшін қала, кент және тиісті ауылдық округ әкімдері мен шаруашылық басшылары бірігіп кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыруда.

 

БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫН ҚҰТҚАРУ. Аудан көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары бекітіліп тиісті мекеме және ауыл шаруашылығы құрылымдары мен ауылдық округ әкімдіктеріне жолданды. Іс-шара жоспарына сәйкес аудан бойынша 700000 балық шабақтарын құтқару жоспары бекітілген.

Қазіргі таңға шаруашылық құрылымдары тарапынан егістіктен 378556 дана 54,0 % құтқарылды. Аталған жұмыстар жалғасуда.

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ  БАҒАЛАРЫ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (әрі қарай-ӘМАТ) бағаларының негізсіз өсуінің алдын алу үшін күнделікті мониторинг жүргізіледі.

Ресми статистикалық деректер бойынша ӘМАТ 17 түрлі өнімдерінің ішінде жылдың басымен тамыз айымен салыстырғанда баға 2 өнім түрі бойынша: картоп (140-175 тг) 35 теңгеге, басты пияз (122-137 тг) 15 теңгеге қымбаттап отыр. Қалған 16 өнімдер бойынша баға қалыпты.

Соңғы апталық ішінде (23 – 30 қырқүйек аралығында) бағалар айырмасында 1 өнімге баға жоғарылаған күнбағыс майы 1 литр 580-590 тг (1,7%). Ал 1 өнім бойынша баға төмендеген басты пияз 125-120 тг (4%) Қалған 15 өнім бойынша баға тұрақты.

 «АЙНАЛЫМ СХЕМАСЫ» негізінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-нан ауданда ӘМАТ тауарларын сататын кәсіпкер белгілеу бойынша, жеке кәсіпкер Борашев Нұртуған Тоғайұлы «Тоғай» маркеті жанынан әлеуметтік бұрышына өнім әкеліп сату  жұмыстары жасалуда.

«Байқоңыр» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорына жеке кәсіпкер                    Н. Бурашевтің өтініміне сәйкес, аталған қордан 500 кг күріш, 500 кг бидай ұны, 200 кг макарон, 100 литр күнбағыс майы, 500 кг ас тұзы  өнімдерін сатып алынып, халыққа тиімді бағада сатылымға шығарылып отыр. 

Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер.

Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша 2024 жылдың  9 айында жеке және заңды тұлғаларға барлығы                               99 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Анықтама: ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу және қайта тіркеу–54 қызмет, ауыл шаруашылығы техникасын кепілге қою және кепілден шығару – 4 қызмет, тракторист-машинист куәлігін алу және ауыстыру–34 қызмет, жыл сайынғы техникалық байқау өткізу – 7 қызмет.

 

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ

2024 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 72 маманға 605 488,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың қазан және қараша айларында игерілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекк 90 маманға 33 228,0 мың теңге қаржы қаралып, осы жылдың мамыр айында 90 маманға 33 228,0 мың теңге ұсынылып толық игерілді.

 


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың ІI тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

 

Аудан бойынша үстіміздегі жылы барлығы 17 377 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. (2023 жылы 17 377 га)

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 6 637 га (о.і. күріш 6200 жаздық бидай 362 га, арпа 60 га, тары 15 га), майлы дақылдар 65 га (күнбағыс 15 га, мақсары 50 га), картоп, көкөніс, бақша 2384 га (картоп 315 га, көкөніс 951 га, бақша 1118 га), мал азықтық дақылдар 8 291 га (жаңа жоңышқа 2843 га, ескі жоңышқа 4832 га, сүрлемдік жүгері 616 га). Негізгі дақыл - күріш  6 200 га.

Айта кету қажет, ағымдағы жылы күріш егісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 250 га кем орындалғанымен, есесіне суды аз қажет ететін басқа дақылдардың көлемі артып отыр.

Атап айтқанда, жаздық бидай 81 га, жаңа жоңышқа 126 га, ескі жоңышқа 112 га артық орналасты.

Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын қосымша егу үшін барлығы 281 адам бірігіп 146 гектарға (18 га картоп, 54 га көкөніс, 74 га бақша) жерге дақылдарды орналастырып күтімге алынуда.

Сондай-ақ, су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, «РЗА» АҚ-ы жаңбырлатып суғару арқылы 260 га сүрлемдік жүгері, «Smart Agro» ШҚ-ы тамшылатып суғару тәсілі арқылы 6 га бақша дақылдарын егіп, күтімге алынуда.

Осы жылдың егісі үшін 1 746 тн күріш, 31 тн бидай, 21 тн арпа, 32 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары тұқымдары дайындалып, пайдалануда. Аталған тұқымдар «КазАгроэкс» АҚ арқылы зерттеліп, толық себу дәрежесіне жеткізілген (100%).

Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын барлығы 289 дана ауылшаруашылығы техникасы қатысты. (148 дана трактор,56 дана соқа,        25 дана тұқым сепкіш, 15 дана автомашина, 45 дана трактор тіркемесі).


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша үстіміздегі жылы барлығы 17 377 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда.             (2023 жылы 17 377 га)

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 6 637 га (о.і. күріш 6200 жаздық бидай 362 га, арпа 60 га, тары 15 га), майлы дақылдар 65 га (күнбағыс 15 га, мақсары 50 га), картоп, көкөніс, бақша 2384 га (картоп 315 га, көкөніс 951 га, бақша 1118 га), мал азықтық дақылдар 8 291 га (жаңа жоңышқа 2843 га, ескі жоңышқа 4832 га, сүрлемдік жүгері 616 га). Негізгі дақыл - күріш  6 200 га.

Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын қосымша егу үшін 146 га (18 га картоп, 54 га көкөніс, 74 га бақша) жерге орналастыру жоспарлануда.

Биылғы жылдың егіс сызбасын даярлау барысында әртараптандыру бағытындағы жұмыстарға ерекше мән беріліп, өткен жылмен салыстырғанда жаздық бидай 81 га, жаңа жоңышқа 126 га, ескі жоңышқа 112 га артық орналасатын болуда. Негізгі дақыл күріштің көлемі 250 га азайған.

Үстіміздегі жылы су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып барлығы 266 га жерге егіс орналастыру жоспарлануда.

Анықтамалық: жаңбырлатып суғару тәсілімен «РЗА» АҚ-ы 260 га сүрлемдік жүгері дақылын және «Smart Agro» ШҚ-ы тамшылатып суғару тәсілімен 6 га бақша дақылдарын орналастырады.

Суармалы суды үнемдеу мақсатында 2011 жылдан бастап «РЗА-Агро» ЖШС егістік жерлерге «МАРА» лазерлік агрегаттарымен тегістеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Осы кезге дейін серіктестік бойынша барлығы 4547 гектар тегістелген. (2011 ж 70 га, 2012 ж 110 га, 2013 ж 130 га, 2014 ж 110 га, 2015 ж 160 га, 2016 ж 190 га, 2017 ж 145 га, 2018 ж 129 га, 2019 ж 338 га, 2020 ж 1163 га, 2021 ж 995 га, 2022 ж 638 га, 2023 ж 369 га) 2024 жылы 320 га тегістеу жоспарланып, бүгінгі күнге 81 га (25,3%) тегістелді.

Тұқым дайындау. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері осы жылдың егісі үшін 1 746 тн күріш, 31 тн бидай, 21 тн арпа, 32 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары тұқымдары дайындалды.

Сондай-ақ, «КазАгроэкс» АҚ арқылы 1252 тн күріш, 31 тн жаздық бидай, 21 тн арпа, 1 тн мақсары, 6,6 тн жоңышқа тұқымдары себу дәрежесіне жеткізілген. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Анықтамалық: Бұдан бөлек, шаруашылықтар тұқым сорттарын жаңарту мақсатында 840 тн күріш және 6 тн жоңышқа, 15 тн жүгері тұқымын алу үшін қажетті келісімдерге отырды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 4383 тн тыңайтқыш, 4100 литр гербицид қажет. Бүгінгі күнге 1943 тн (44,3%) тыңайтқыш жеткізілді. Қалған тыңайтқыш көлемі сәуір айының 3-ші он күндігінде толық жеткізілетін болады.

Техника дайындығы. Көктемгі дала жұмыстарына барлығы 289 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады. (дайындығы 100%)

Оның ішінде: 148 дана трактор,56 дана соқа, 25 дана тұқым сепкіш, 15 дана автомашина, 45 дана трактор тіркемесі.

Жанар-жағармай дайындығы. Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдікпен 894 тн (наурыз 301 тн, сәуір 240 тн, мамыр 353 тн) дизель отыны бөлінді. 1 литрдің бағасы 248 теңге жеткізіп беруші операторлар болып «Жібек жолы ЛТД и К» және «PetroRetail» ЖШС-і таңдалды. Бүгінгі күнге 161,2 тн дизель отыны алынды. Шаруашылықтардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты наурыз айының аяғына және сәуір айының басында дизель отынын алады.

Суармалы сумен қамтамасыз ету және су жүйелерінің дайындығына келсек, дақылдарды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 520,0 млн.м³ суармалы су лимиті қажет. (Оның ішінде егістікке 330,0 м³,экологиялық қажеттілік 190,0 млн.м³ ).

2023 жылдың күз айларында шаруашылықтар тарапынан барлығы 37 км су жүйелері тазартылса, («Агро Өркен» ЖШС-гі 12 км, «Рза Агро» ЖШС-гі 18 км) «Қазсушар» РМК тарапынан 13,4 км механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. (Сақыбай каналы 3,5 км, 6-3К каналы1,7 км, Құм аша каналы 1,2 км және К-21 қашыртқысының 7,0 км)

Аудан бойынша барлығы 51 дана су сору қондырғылары тіркелген. Жарамдысы 39 дана. (О.І шаруашылықтарда 9 дана, «Қазалысушар» өндірістік учаскесінде  5 дана және әкімдіктерде 37 дана оның 12 дана жарамсыз).

Аудан бойынша ерте егілетін ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары наурыз айының 22-нен бастап, кірісті.

Қазіргі таңда аудан бойынша 4832 га ескі жоңышқаның                 2034 га тырмаланып (42%), 296 га суғарылса (6,1%), межеленген 2843 га жаңа жоңышқаның 316 га (11%), 362 га жаздық бидайдың 30 га егіліп (8,2 %)егілсе, 50 га мақсары және 60 га арпа дақылдарын егу жоспарда бар.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың ІV тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша 2023 жылы барлығы 17 377 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (меже 17 612 га). Күріш 6450 га.

Дәнді дақылдар 6876 га, майлы дақылдар 65 га, картоп, көкөніс, бақша 2380 га, мал азықтық дақылдар 8 056 га.

Айта кету қажет 2023 жылы Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына орай, жоспарланған күріш көлемі 543 гектарға кем орындалып, есесіне жаздық бидай 81 гектарға, арпа                52 гектарға, картоп 15 гектарға, көкөніс 50 гектарға, бақша                    65 гектарға, сүрлемдік жүгері 15 гектарға артық орналасты.

2023 жылы аудан бойынша барлығы 73 га жерге су үнемдеу технологиясын пайдалана отырып егіс егілді. Атап айтқанда, жаңбырлатып суғару тәсілімен «РЗА» АҚ-ы 67 га сүрлемдік жүгері дақылын орналастырды. Бұдан бөлек жеке кәсіпкер                    «Н. Нұрқожаев» 5 га қарбыз, қияр, асқабақ дақылдарын тамшылатып суғару тәсілімен орналастырылды.

Егістен межелі өнім алу мақсатында шаруашылықтар 3924 тн минералды тыңайтқыш және зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін 4216 литр пестицидтер сатып алып пайдаланды.

Сондай-ақ, шаруашылықтар 2023 жылдың егісіне 1 750 тн күріш, 32 тн жаздық бидай, 12,5 тн арпа, 32 тн жоңышқа және                4,2 тн мақсары тұқымын дайындар пайдаланды. Күріш тұқымы сорттарын жаңарту мақсатында барлығы 967 тн І-репродкуция және элита тұқымын сатып алды. Бұл, барлық пайдаланған күріш тұқымның 55,2 % құрайды.

ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙ. Мемлекет тарапынан кепілді бағамен көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы             2021 тн дизель отыны бөлініп пайдаланылды. (о.і. көктемде 979 тн, күзде 1042 тн, шаруашылықтар gosagro.kz электронды сайты арқылы жеткізіп беруші операторлар етіп "Жібек Жолы ЛТД" ЖШС-ін таңдалды).

ТЕХНИКА. Аудан бойынша егін егу және егін жинау жұмыстарына барлығы 577 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты.

Оның ішінде, 42 дана астық комбайны, 29 дана жатка, 115 дана трактор, 253 дана түрлі агрегат, 54 дана трактор тіркемесі, 46 дана автомашина, 38 дана арнайы техника (жер тегістейтін және қазатын)

Олардың 188 данасы шетелдің озық үлгідегі заманауи техникасы.

2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері барлығы 35 дана (о.і. Орман шаруашылығы бойынша 24 дана, өз қаржысына 11 дана) әр түрлі ауылшаруашылығы техникасын сатып алынды.

Сонда-ақ, 2023 жылдың қортындысы бойынша жеке және заңды тұлғаларға барлығы 110 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның 149 электронды және 11 қағаз түрінде) .

Атап айтқанда: ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу және қайта тіркеу–72 қызмет, ауыл шаруашылығы техникасын кепілге қою – 4 қызмет, тракторист-машинист куәлігін алу және ауыстыру–34 қызмет.

СУАРМАЛЫ СУ. Дақылдарды вегетация кезінде суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 361,21 млн.м³ және экологиялық қажеттілікке 266,02 млн. м³, барлығы 627,23 млн. м³ су лимиті бөлініп, жыл бойына нақты 587,80 млн. м3 (о.і. егіске 321,78 млн. м3, экологиялық қажеттілікке 266,02 млн. м3) пайдаланылды.

ЕГІН ЖИНАУ. Атап айтқанда, 281 га бидайдан 136 тн (орта өнім 4,9 цн). 130 га арпадан  58 тн (орта өнім 4,5 цн). 15 га тарыдан 33 тн (орта өнім 22 цн)  15 га күнбағыстан 23 тн (орта өнім 15,3 цн), 615 га сүрлемдік жүгеріден 7230 тн (орта өнім 117,5 цн/га). және 50 га мақсарыдан 7,2 тн өнім (орта өнім 1,4 цн/га) алынды.

Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы егілген 950 гектар көкөніс,            1118 гектар бақша 315 гектар дақылдары түгелімен жиналды, алынған өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары болды.

Ескі жоңышқа дақылының 4420 гектарынан 11 792 тонна шөп дайындалды. (орта өнім 26,6 цн/га).

Сондай-ақ 2717 гектар жаңа жоңышқа дақылынан 1219 тонна мал азығы жиналды. (орта өнім 4,5 цн/га).

Ал, 6 450 га негізгі дақыл - күріштің әр гектарынан 33,9 цн орта өнім алынып, ел қамбасына 21 867 тн сыр салысы құйылыды.

2024 ЖЫЛҒЫ ЕГІС КӨЛЕМІ. 2023-2030 жылдарға арналған ротациялық кестеге сәйкес аудан бойынша 2024 жылы барлығы 17 060 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасады деп жоспарлануда.

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 6 637 га (о.і. күріш 6200 жаздық бидай 362 га, арпа 60 га, тары 15 га), майлы дақылдар 65 га (күнбағыс 15 га, мақсары 50 га), картоп, көкөніс, бақша 2250 га (картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га) (2021 жылы 2250 га), мал азықтық дақылдар 8 108 га (жаңа жоңышқа 2760 га, ескі жоңышқа 4732 га, сүрлемдік жүгері 616 га). Негізгі дақыл - күріш       6 200 га. (2023 жылы 6450 га),

ӘРТАРАПТАНДЫРУ 2024 жылдың егіс сызбасын даярлау барысында суды аз тұтынатын дақылдардың көлемі артты.               2023 жылмен салыстырғанда бидай 81 га, жаңа жоңышқа 43 га, ескі жоңышқа 12 гажәне сүрлемдік жүгері 1 га артық болғанымен күріш дақылының көлемі 250 га кем орналастыру жоспарлануда.

ТҰҚЫМ ДАЙЫНДАУ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2024 жылдың егісі үшін 1 746 тн күріш, 39 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары 64 тн жаздық бидай, 12 тн арпа тұқымын дайындаса, 18 тн сүрлемдік жүгері дақылы тұқымын сырт мекемелерден сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар, келесі жылдың егісі үшін 2 150 га сүдігер көтерілді (меже 2150га, орындалуы 100 %).

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМІ. Статистикалық деректерге сәйкес аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 23,5 млрд теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,7 %-ға артты.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ. Аудан бойынша 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі қорға салынған инвестиция көлемі 1 млрд 194 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 154,1 % орындалған (2023 жылы 740,7 млн. теңге)

ЭКСПОРТ. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан  барлығы 2 668,2 тн ауыл шаруашылығы шаруашылығы өнімдері экспортталды. Атап айтқанда, 1030 тонна ақ күріш пен күріш қалдығы, 371,2 тонна балық өнімдері («СПК Қызылорда балық» ЖШС 103,7 тн, жк Игіліков 267,5 тн) және 1267 тонна  қамыс.

2023 жылы ауылшаруашылығы саласы бойынша барлығы 1 жоба іске асырылды. Атап айтқанда;

 Жалпыұлттық жобалар пулы аясында ұсынылған жоба құны 501 млн. теңге құрайтын «Jankent Agro» ЖШС-нің «Күріш өңдеу зауытының құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, күріш өңдеу зауытының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, шаруашылық тарапынан зауытқа қажетті негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу үшін  155,2 млн. теңгеге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на жоба ұсынылып, қаржыландырылды.

   Зауыттың негізгі  құрал-жабдықтары Қытайдан а.ж. желтоқсан айында жеткізіліп толыққанды іске қосылуы жоспарланып отыр.

ТОҒАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ. 2023 жылы аудан бойынша 2 тоған шаруашылығы жұмысын бастады. Жанқожа батыр ауылында "А.Орынтай" ШҚ. Аумағы 18 га. Жоба құны - 20 млн. Құмжиек ауылында "Алтайр" ШҚ. Аумағы 100 га. Жоба құны - 20 млн теңге.

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ. Аудан бойынша 196 дана сушаруашылығы нысандары есепке алынған. Олардың ішінде 3 қашыртқы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, 89 канал ауылдық округтердің, 33 су нысаны (30  канал мен 3 қашыртқы) «Қазсушар» МКК-ның және 71 су нысаны (61 канал мен 10 бөгет)облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» МКК теңгерімінде.Осы есепке алынған су нысандарының 125,оның ішінде 109 канал, 6 қашыртқы және 10 бөгеттің (3 қашыртқы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің, 18 канал ауылдық округтердің, 33 су нысаны (30  канал мен 3 қашыртқы)«Казсушар» МКК-ның және 71 су нысаны (61 канал мен 10 бөгет) «Табиғат» МКК) құжаты бар болса, 71 каналды құжатандыруға байланысты қаржы қарастырылуда.

Су жолдарын тазарту және жөндеу жұмыстары. 2023 жылдың аудан бойынша «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының тарапынан «Сақыбай» каналына (3,8 км), «6-3К» каналы (1,7 км), «Құмаша» каналы (1,5 км), «Жайқонақ» каналы (9,2 км) механикалық тазартулар жүргізді.

Шаруашылықтар өз есебінен "Рза-Агро" ЖШС-і  «Ішкі» каналына (3 км) тазарту жұмыстары жүргізді.

2023 жылы күз айында Құмжиек ауылдық округіне қарасты «Өтебас» каналына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу үшін 58,1 млн.теңге бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша «KazStroyProekt» ЖШС жеңіп алды. Мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарына 36960,0 мың теңге, техникалық қадағалау қызметіне 1563,0 мың теңге, авторлық қадағалау қызметіне 536,0 мың теңге. Барлығы 39059,0 мың теңге қаржыны құрап, 19070,7 мың теңге үнемделді.Үнемделген қаражатты облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қайтарылды. Бүгінгі күнге дейін 6,1 км тазартылды.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2024 жылға каналдарға механикалық тазартуға аудан бойынша 30 канал (Ботабай, Қара арық, Темір бетон, Құмаша, Қызыл ой, Мәдениет, Бектібай, Коммуна, Кіші арық, Қуандық, Әлсейіт, Әбікен, Білім, Қанды арық, Бүркітбай, Бөкебай арығы, Әбдірейім, Көне Қарлан, Өтеміс, Бірлік, Бірқазан, Бозарық, Талас, Күркіреуік, Жаңаталап, Алты қазақ, Өзек арық, Кенебай, Бердібай аша, Өмірбек, Жаңа каналы) жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға ақау актісі жасалынып, өтінім тапсырылды. Сонымен қатар, аудан бойынша Аранды ауылдық округіндегі «Бөкебай» каналына 36 млн. теңге, Қарашеңгел ауылдық округіндегі «Қызыл-ой» каналына                         113 млн.теңге, Алға ауылдық округіндегі «Ішкі» каналына                      262 млн.теңге, Майдакөл ауылдық округінде «Таймас» каналына 39 млн.теңге қаражатқа ЖСҚ дайындалып, 2024 жылға механикалық тазарту жұмыстарын жүргізу күтілуде.

ҚАШЫРТҚЫЛАР ЖҮЙЕСІ. 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылар жүйесі Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің теңгерімінде. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына   аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінен 60841,0 млн.тенгеге мемлекеттік сату алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде 54,756 млн.теңгеге "ГосПромСтрой ЖШС" жеңіп алды. 2023 жылға  20 млн. теңге игеріліп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, келер жылға 34,756 млн.теңге игеріледі.

КАНАЛДАРДЫ ҚҰЖАТТАНДЫРУ. Мұратбаев ауылдық округіндегі «Құрманай», «Дәуқазған» каналы, Өркендеу ауылдық округінде «Жылуан-2» каналы, Арықбалық ауылдық округінде «Коммуна» каналдары құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға құжаттанып, Табиғат МКК теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізіледі.

СУ СОРУ ҚОНДЫРҒЫЛАР ТУРАЛЫ. Аудан бойынша барлығы 61 дана қондырғы бар. Оның 49 данасы (12 электрлі, 37 дизельді )кент, қала және ауылдық округ теңгерімінде, 9 данасы (дизельді) шаруашылықтарда, 3 данасы (электрлі) «Қазалысушар» РМК мекемесінің теңгерімінде тұр.

Кент, қала және ауылдық округ бойынша 12 дана қондырғы жарамсыз күйде болса, қалған 27 дана жарамды, орташа күйде тұр.

АРТЕЗИАН ҚҰДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ. 2022 жылы Ғ.Мұратбаев, Ақжона, Майлыбас және Басықара ауылдық округтерінде скважина қазу үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджетке өтінім тапсырылды.             (4 скважинаға ЖСҚ дайындау үшін 5,77 млн. теңге).

Алайда былтырғы жылы жобалық сметалық құжаттарын жасату үшін  1.4 млн. теңге бюджеттік өтінім аудандық маслихатқа ұсынылып қолдау таппады.

Сондай-ақ, аталған өтінімді қайта тапсыру үшін округ әкімдеріне 18.05.2023 жылы №07-2/712 санды хатпен ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі тарапынан қозғау салынды.

Сондай-ақ, кезектілікке сәйкес 2023 жылға Бозкөл, Аранды, Майдакөл, Көларық ауылдық округтеріне скважина қазу үшін өтінімді тапсыру округ әкімдеріне жүктелген.

Қызылқұм ауылдық округінде «Жанқожа баба» (16,584 млн.теңге) бұлағы, Құмжиек ауылдық округінде «Төребай-Төреқұм» (15,552 млн.т еңге) бұлақтарына ЖСҚ әзірленді. Бұлақ қазу жұмыстары     2024 жылы іске асады.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Егіс көлемі.

 Аудан бойынша 2023 жылы барлығы 17 377 га ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды (меже 17 612 га, 98,4 %). Күріш 6450 га.

Дәнді дақылдар 6876 га, майлы дақылдар 65 га, картоп, көкөніс, бақша 2380 га, мал азықтық дақылдар 8 056 га.

Анықтамалық. Су тапшылығына байланысты межеленген күріш көлемі 543 га кем орындалып, есесіне жаздық бидай 81 га, арпа 52 га, картоп 15 га, көкөніс 50 га, бақша 65 га, сүрлемдік жүгері 15 га артық орналасты.

Егісті күтіп-баптау жұмыстары. Күріш егісінің 4641 га үстеп қоректендіру жұмыстары жоспарланса, 5001 га (112,1 %) орындалды. Күріш дақылының арам шөптеріне қарсы 3800 га өңдеу жоспарланып толық өңделді (100 %).

Бұдан бөлек, 615 га сүрлемдік жүгері дақылына 2 рет культивация жүргізіліп, толығымен үстеп қоректендірілді.

Техника дайындығы.

Егін орағына 285 дана техника (42 комбайн, 29 жатка, 115 трактор, 40 жүк көлігі, 59 тіркеме) толық жөндеуден өтіп, егін жинау науқанына кірісуде.

Анықтамалық. Жатка мен комбайнның 24 данасы шетелдік заманауи техникалар (8 Джон-Дир, 7 Класс, 8 Магдон және 1 Торум).

Шаруашылықтар бойынша егін жинау науқанына қатысатын техникаларға қажетті қосалқы бөлшектер мен қою май және жағар май қорлары жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.

Жанар-жағар май.

 Мемлекет тарапынан күзгі дала және егін жинау жұмыстары үшін барлығы 1040 тн (шілде 580 тн, тамыз 230 тн, қыркүйек 230 тн) дизель отыны бөлініп, бүгінгі күнге аудан бойынша 464 тонна (44,6 %) дизель отыны алынды.

Шаруашылықтар gosagro.kz электронды сайты арқылы жеткізіп беруші операторлар етіп "Жібек Жолы ЛТД" ЖШС-ін таңдалды.

Суармалы сумен қамтамасыз ету.

 Егістікті сумен қамтамасыз ету үшін 361,21 млн.м³ су лимиті бөлініп, вегетациялық кезеңде  39,43 млн.м³ су кем алынды.

Егін жинау. Биылғы жылы егілген 281 га бидайдан 136 тн өнім алынды (орта өнім 4,9 цн). Сондай-ақ, 130 га арпа дақылынан  58 тн өнім алынды (орта өнім 4,5 цн айналды).

Бұдан бөлек, 950 га көкөніс дақылының 710 га барлығы 9 727 тн (74,7 %, орта өнім 137 цн) және 1118 га бақша дақылының 923 га барлығы 13 568 тн (82,5 %, орта өнім 147 цн) 315 га картоптың 156 га барлығы 2 308 тн өнім жиналды (49,5 %, орта өнім 148 цн). 15 га тарының 12 га барлығы 26,4 тн (80 %, орта өнім 22 цн) 15 га күнбағыстың 13 га барлығы 20 тн (86,6 %, орта өнім 15,3 цн)

Ескі жоңышқа дақылының 4420 гектарынан 11 792 тн шөп дайындалды. (орта өнім 26,6 цн/га).

Сондай-ақ ү.ж егілген 2717 га жаңа жоңышқа дақылынан 1219 тн мал азығы жиналды. (орта өнім 4,5 цн/га).

Сонымен қатар, 615 га сүрлемдік жүгері дақылынан  7230 тн өнім алынды орта өнім 117,5 цн/га.

Аудан бойынша шаруашылықтарда күріш суын байлау жұмыстары 17 тамыздан бастап 31 тамызда толық аяқталды.

Сондай-ақ, 6450 га күріштің бүгінгі күнге 1895 га (29,4 %,) дестеге салынса, 1203 га бастырылды орта өнім 34,6 цн/га. Аталған жұмыстар жалғасуда.

 

 

Су шаруашылығы туралы.

Қазалы ауданы бойынша 2023 жылы көлдер мен жайылым-шабындық жерлерді суландыруға 266,0 млн м3 су лимиті жоспарланған. Көлдер мен жайлымдық жерлерге қыркүйек айының 30 дейін 150,31 млн.м3 экологиялық суы  пайдаланылды. Ақсай арнасына 17 куб, Сол жаға магистралды каналына 0 куб, Оң жаға магистралды каналына 0 куб, Арал теңізіне 35 куб тасталуда.

Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 15 ауылдық округтердің аумағында орналасқан барлығы 102 көлдер мен жайылымдық, шабындық жерлер бар.

Олар: Ақсай арнасының бойында 11 көлдер, Сол жаға магистралды каналы бойында 52 көлдер Оң жаға магистралды каналы бойында 28 көлдер мен жайылым-шабындық жерлеріне су жіберілуде.

Сонымен қатар, Басықара каналының бойында орналасқан Мақпал, Құмкөл, Төртқұлақ, Қашқансу және т.б. көлдер мен жайылым-шабындық жерлерге су салынуда.

Қазалы ауданы бойынша барлығы 61 дана су сору қондырғылары бар. (оның 49 кент, қала, ауылдық округтерде, 9 шаруа қожалықтарда, 3  Қазалысушар ӨУ-да)

2022 жылы облыстық табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ауданға 6 дана насос қондырғысы (KY-560 маркалы) ауылдық округтерге алынып берілді.

2023 жылға  3 насос қондырғысына өтінім тапсырылды. Мамыр айында Майлыбас ауылдық округіне облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыстық бюджеттен 1 дана электрлі су сору қондырғысы алып берілді. Маусым айында Құмжиек және Басықара ауылдық округтеріне 2 дана дизельді насос қондырғысы берілді.

Қазалы ауданы бойынша елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ететін каналдардың, насос қондырғыларының су алу маусымына дайындығы жүргізіліп, тазарту жұмыстары атқарылды (кент 5, қала 3, ауылдық округтерде 28).         

Кезектілікке сәйкес 2023 жылға Бозкөл, Аранды, Майдакөл, Көларық ауылдық округтеріне скважина қазу үшін өтінім тапсырылады. Облыстық бюджеттен Қызылқұм ауылдық округінде «Жанқожа баба» бұлағы, Құмжиек ауылдық округінде «Төребай-Төреқұм» бұлақтарына ЖСҚ әзірленді (2 скважинаға ЖСҚ дайындау үшін  36,87 млн. теңге).

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2024 жылға каналдарға механикалық тазартуға аудан бойынша 30 канал жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға өтінім тапсырылды.

Облыстық табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылары жүйесін қайта қалпына келтіру үшін жобалық іздестіру жұмыстары (ПИР) және жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып, өтінім тапсырылды. Жобаның құны  60,84 млн теңгені құрады.

 «Төртқұлақ» көлінің иесі «Азия-68» ЖШС-нің директоры Н.Алимбаев Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен келісім шартын бұзып. Қазалы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №64 «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысының күші жойылды.

 Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

Баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан 11 ірі сауда орындарымен ӘМАТ бағасынан 10%-дан аспайтын ең төменгі сауда үстеме қосу  туралы 13.02.2023 ж меморандум жасалды.

Сонымен қатар, 1 ші сұрыпты әлеуметтік ұн таратушы жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлова мен «Байқоңыр» ӘКК»АҚ-ы тарапы арасында келісім шарт жасалынды. Жасалынған келісім шартқа сәйкес, жыл басынан бері 210 тонна ұн әкелініп таратылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталықтарында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, қыркүйек айының 9, 23, 30 және Астана қаласында 16-17 қыркүйек айында халыққа күнделікті тұтынатын өнімдері әкелініп, нарықтан төмендетілген бағада ұсынылды. 

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша биылғы жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 80 маманға 414 000,0 мың теңге қаржы (1500 АЕК - 1 маманға 5 175 000 тг) қаралып, осыдан тамыз, қыркүйек айларында 156 431,5 мың теңге 31 маманға тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несие ұсынылды. Қалған қаржы қазан, қараша айларында игерілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 80 маманға 27 600 000 мың теңге қаржы (100 АЕК - 1 маманға 345000 тг) қаралып, осы қаржы сәуір, мамыр, маусым айларында 80 маманға ұсынылып толығымен игеріледі.


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың ІІ тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Егіс көлемі. Аудан бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын барлығы 17 612 га орналастыру жоспарлануда. (2022 жылы 17 402 га).

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 7286 га (о.і. күріш 6993 га, жаздық бидай 200 га, арпа 78 га, тары 15 га), майлы дақылдар 65 га (күнбағыс 15 га, мақсары 50 га), картоп, көкөніс, бақша 2250 га (картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га), мал азықтық дақылдар 8 011 га (жаңа жоңышқа 2717 га, ескі жоңышқа 4694 га, сүрлемдік жүгері 600 га).

Тұқым дайындау. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2023 жылдың егісі үшін 1 750 тн күріш, 32 тн жаздық бидай, 12,5 тн арпа, 32 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары тұқымдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, шаруашылықтар тұқым сорттарын жаңарту мақсатында 967 тн күріш және 5 тн жоңышқа, 15 тн жүгері тұқымын алу үшін қажетті келісімдерге отырды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер Шаруашылықтардан жиналған мәліметтер бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 3766 тн тыңайтқыш (аммоный сульфаты 2267 тн, карбамид 650 тн, аммофос 69 тн, аммиак селитрасы 120 тн, суперфосфат 660 тн) 4116 литр гербицид (солито 2600 литр, рейнбоу 1500 литр, гуливер 16 литр) қажет. Бүгінгі күнге 2323 тн (61,7%) тыңайтқыш және 186 литр гербицид (4,5%) жеткізілді.

Сондай-ақ, гербицид бойынша шаруашылықтар тарапанынан жеткізушілермен  алдын-ала келісім шарт жасалынып қажетті кезеңге дейін толық алынатын болады.

Техника дайындығы. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына барлығы қатысатын 292 дана ауыл шаруашылығы техникасы жөндеуден өтіп, дала жұмыстарына кірісуде.

Анықтамалық: 118 дана трактор 46 дана соқа, 32 дана тұқым сепкіш, 42 дана автомашина, 54 дана трактор тіркемесі бар.

Сондай-ақ, ү.ж машина трактор паркін жаңалау бойынша 725 млн.теңгеге барлығы 20 дана доңғалықты LOVOL маркалы техникасын сатып алды.

Бұдан бөлек, шаруашылықтар 3 дана класс комбайн сатып алу жоспарлануда. ("Жалаңтөс батыр" ЖШС - 1 , "Рза Агро" ЖШС - 1  және "Jankent Agro" ЖШС - 1)

Жанар-жағармай дайындығы. Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдікпен 979 тн (о.і. наурыз 270 тн, сәуір 390 тн, мамыр 319 тн) дизель отыны бөлініп бағасы 1 тонна 212 мың теңгеден, бүгінгі күнге 346 тн 35,3 % алынды.

Қаржы көлемі. Шаруашылықтардын алынған мәлімет бойынша көктемгі дала жұмыстарына барлығы 1905 млн. теңге қаржы қажет деп есептелінсе оның нақты қолда бары 1645 млн. теңге 86,3 % құрайды.

Су жүйелерінің дайындығы: 2022 жылдың күз айларында шаруашылықтар өз күштерімен барлығы 52 км су жүйелері тазартылды. ("Агро Өркен" ЖШС-гі 30 км, "Рза Агро" ЖШС-гі 22 км)

Аудан бойынша ерте егілетін ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары наурыз айының 25-нен бастап, кірісті. Қазіргі таңда аудан бойынша 4694 га ескі жоңышқаның 3750 га тырмаланып 80%, 1710 га суғарылса 36 %, межеленген 2717 га жаңа жоңышқаның 1007 га 37 %, 200 га жаздық бидайдың 150 га егіліп 75 % егілсе, 50 га мақсары және 78 га арпа дақылдарын егу жоспарда бар. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Су шаруашылығы туралы.

Қазалы ауданы бойынша 2023 жылы көлдер мен жайылым-шабындық жерлерді суландыруға 270,0 млн м3 су лимиті жоспарланған. Маусым  айының 30 жұлдызына дейін көлдер мен жайылым-шабындық жерлерді суландыруға 87,78 млн.м3 су пайдаланылды. Оның ішінде: Ақсай арнасына 34,73 млн.м3, Сол жаға магистралды каналына 34,74 млн.м3, Оң жаға магистралды каналына 10,45 млн.м3 , Басықара каналына 7,86 млн.м3 су жіберілді.

Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 15 ауылдық округтердің аумағында орналасқан барлығы 102 көлдер мен жайылымдық, шабындық жерлер бар.

Олар: Ақсай арнасының бойында 11 көлдер, Сол жаға магистралды каналы бойында 52 көлдер Оң жаға магистралды каналы бойында 28 көлдер мен жайылым-шабындық жерлеріне су жіберілуде.

Сонымен қатар, Басықара каналының бойында орналасқан Мақпал, Құмкөл, Төртқұлақ, Қашқансу және т.б. көлдер мен жайылым-шабындық жерлерге су салынуда.

Қазалы ауданы бойынша барлығы 48 дана су сору қондырғылары бар. (оның 36 кент, қала, ауылдық округтерде, 9 шаруа қожалықтарда, 3  Қазалысушар ӨУ-да)

2022 жылы облыстық табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ауданға 6 дана насос қондырғысы (KY-560 маркалы) ауылдық округтерге алынып берілді.

2023 жылға  3 насос қондырғысына өтінім тапсырылды. Мамыр айында Майлыбас ауылдық округіне облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыстық бюджеттен 1 дана электрлі су сору қондырғысы алып берілді. Маусым айында Құмжиек және Басықара ауылдық округтеріне 2 дана дизельді насос қондырғысы берілді.

Қазалы ауданы бойынша елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ететін каналдардың, насос қондырғыларының су алу маусымына дайындығы жүргізіліп, тазарту жұмыстары атқарылды (кент 5, қала 3, ауылдық округтерде 28).          

Кезектілікке сәйкес 2023 жылға Бозкөл, Аранды, Майдакөл, Көларық ауылдық округтеріне скважина қазу үшін өтінім тапсырылады. Облыстық бюджеттен Қызылқұм ауылдық округінде «Жанқожа баба» бұлағы, Құмжиек ауылдық округінде «Төребай-Төреқұм» бұлақтарына ЖСҚ әзірленді (2 скважинаға ЖСҚ дайындау үшін  36,87 млн. теңге).

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2024 жылға каналдарға механикалық тазартуға аудан бойынша 30 канал жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға өтінім тапсырылды.

Облыстық табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылары жүйесін қайта қалпына келтіру үшін жобалық іздестіру жұмыстары (ПИР) және жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып, өтінім тапсырылды. Жобаның құны  60,84 млн теңгені құрады.

 «Төртқұлақ» көлінің иесі «Азия-68» ЖШС-нің директоры Н.Алимбаев Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен келісім шартын бұзып. Қазалы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы №64 «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысының күші жойылды.

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

Баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан 11 ірі сауда орындарымен ӘМАТ бағасынан 10%-дан аспайтын ең төменгі сауда үстеме қосу  туралы 13.02.203 ж меморандум жасалды.

Сонымен қатар, 1 ші сұрыпты әлеуметтік ұн таратушы жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлова мен «Байқоңыр» ӘКК»АҚ-ы тарапы арасында келісім шарт жасалынды. Жасалынған келісім шартқа сәйкес, жыл басынан бері 135 тонна ұн әкелініп таратылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталықтарында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, сәуір айының 1, 22, 29 мен 20 мамыр және 10 маусымда халыққа күнделікті тұтынатын өнімдері әкелініп, нарықтан төмендетілген бағада ұсынылды. 

 

Мемлекеттік қызмет. Ауыл шаруашылығы техникалары бойынша 2023 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғаларға барлығы 66 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Анықтама: ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу және қайта тіркеу–44 қызмет, ауыл шаруашылығы техникасын кепілге қою–2 қызмет, тракторист-машинист куәлігін алу және ауыстыру–20 қызмет.

 

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша

2023 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 80 маманға 414 000 000 мың теңге қаржы (1500 АЕК - 1 маманға 5 175 000 тг) қаралап, шілде, тамыз және қыркүйек айларында игерілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 80 маманға 27 600 000 мың теңге қаржы (100 АЕК - 1 маманға 345000 тг) қаралып, сәуір, мамыр және маусым айларында 80 маманға ұсынылып толығымен игерілді


Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2023 жылдың І тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар

Егіс көлемі. Аудан бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын барлығы 17 612 га орналастыру жоспарлануда. (2022 жылы 17 402 га).

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 7286 га (о.і. күріш 6993 га, жаздық бидай 200 га, арпа 78 га, тары 15 га), майлы дақылдар 65 га (күнбағыс 15 га, мақсары 50 га), картоп, көкөніс, бақша 2250 га (картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га), мал азықтық дақылдар 8 011 га (жаңа жоңышқа 2717 га, ескі жоңышқа 4694 га, сүрлемдік жүгері 600 га).

Тұқым дайындау. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2023 жылдың егісі үшін 1 750 тн күріш, 32 тн жаздық бидай, 12,5 тн арпа, 32 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары тұқымдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, шаруашылықтар тұқым сорттарын жаңарту мақсатында 967 тн күріш және 5 тн жоңышқа, 15 тн жүгері тұқымын алу үшін қажетті келісімдерге отырды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер Шаруашылықтардан жиналған мәліметтер бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 3766 тн тыңайтқыш (аммоный сульфаты 2267 тн, карбамид 650 тн, аммофос 69 тн, аммиак селитрасы 120 тн, суперфосфат 660 тн) 4116 литр гербицид (солито 2600 литр, рейнбоу 1500 литр, гуливер 16 литр) қажет. Бүгінгі күнге 2323 тн (61,7%) тыңайтқыш және 186 литр гербицид (4,5%) жеткізілді.

Сондай-ақ, гербицид бойынша шаруашылықтар тарапанынан жеткізушілермен  алдын-ала келісім шарт жасалынып қажетті кезеңге дейін толық алынатын болады.

Техника дайындығы. Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына барлығы қатысатын 292 дана ауыл шаруашылығы техникасы жөндеуден өтіп, дала жұмыстарына кірісуде.

Анықтамалық: 118 дана трактор 46 дана соқа, 32 дана тұқым сепкіш, 42 дана автомашина, 54 дана трактор тіркемесі бар.

Сондай-ақ, ү.ж машина трактор паркін жаңалау бойынша 725 млн.теңгеге барлығы 20 дана доңғалықты LOVOL маркалы техникасын сатып алды.

Бұдан бөлек, шаруашылықтар 3 дана класс комбайн сатып алу жоспарлануда. ("Жалаңтөс батыр" ЖШС - 1 , "Рза Агро" ЖШС - 1  және "Jankent Agro" ЖШС - 1)

Жанар-жағармай дайындығы. Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдікпен 979 тн (о.і. наурыз 270 тн, сәуір 390 тн, мамыр 319 тн) дизель отыны бөлініп бағасы 1 тонна 212 мың теңгеден, бүгінгі күнге 346 тн 35,3 % алынды.

Қаржы көлемі. Шаруашылықтардын алынған мәлімет бойынша көктемгі дала жұмыстарына барлығы 1905 млн. теңге қаржы қажет деп есептелінсе оның нақты қолда бары 1645 млн. теңге 86,3 % құрайды.

Су жүйелерінің дайындығы: 2022 жылдың күз айларында шаруашылықтар өз күштерімен барлығы 52 км су жүйелері тазартылды. ("Агро Өркен" ЖШС-гі 30 км, "Рза Агро" ЖШС-гі 22 км)

Аудан бойынша ерте егілетін ақ егіс егу жұмыстарына шаруашылық құрылымдары наурыз айының 25-нен бастап, кірісті. Қазіргі таңда аудан бойынша 4694 га ескі жоңышқаның 3750 га тырмаланып 80%, 1710 га суғарылса 36 %, межеленген 2717 га жаңа жоңышқаның 1007 га 37 %, 200 га жаздық бидайдың 150 га егіліп 75 % егілсе, 50 га мақсары және 78 га арпа дақылдарын егу жоспарда бар. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Су шаруашылығы туралы. Аудан бойынша 2023 жылы көлдер мен жайылым-шабындық жерлерді суландыруға 270,0 млн.м3 су лимиті жоспарланып отыр. Жылдың басынан наурыз айының 30 жұлдызына дейін көлдер мен жайылым-шабындық жерлерді суландыруға 44,59 млн.м3 су пайдаланылды. Оның ішінде: Ақсай арнасына 29,20 млн.м3, Сол жаға магистралды каналына 15,39 млн.м3 су жіберілді.

Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 15 ауылдық округтердің аумағында орналасқан барлығы 102 көлдер мен жайылымдық, шабындық жерлер бар.

Олар: Ақсай арнасының бойында 11 көлдер, Сол жаға магистралды каналы бойында 52 көлдер Оң жаға магистралды каналы бойында 28 көлдер мен жайылым-шабындық жерлеріне су жіберілуде.

Сонымен қатар, Басықара каналының бойында орналасқан Мақпал, Құмкөл, Төртқұлақ, Қашқансу және т.б. көлдер мен жайылым-шабындық жерлерге су салынуда.

Қазалы ауданы бойынша барлығы 49 дана су сору 0ондыр5ысы бар. (оның 37 кент, қала, ауылдық округтерде, 9 шаруа қожалықтарда, 3  Қазалысушар ӨУ-да)

2022 жылы облыстық табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, ауданға 6 дана насос қондырғысы (KY-560 маркалы) ауылдық округтерге алынып берілді. 2023 жылға  3 насос қондырғысына өтінім тапсырылды.

Қазалы ауданы бойынша елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ететін каналдардың, насос қондырғыларының су алу маусымына дайындығы жүргізіліп, тазарту жұмыстары атқарылды (кент 5, қала 3, ауылдық округтерде 32).

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

Баға тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында аудан орталығы Әйтеке би кентінде орналасқан 11 ірі сауда орындарымен ӘМАТ бағасынан 10%-дан аспайтын ең төменгі сауда үстеме қосу  туралы 13.02.203 ж меморандум жасалды.

Сонымен қатар, 1 ші сұрыпты әлеуметтік ұн таратушы жеке кәсіпкер Л. Мырзағұлова мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы тарапы арасында келісім шарт жасалынды. Жасалынған келісім шартқа сәйкес, жыл басынан бері 60 тонна ұн әкелініп таратылды.

Сондай-ақ, картоп пен басты пияз бағасын тұрақтандыру мақсатында жеке кәсіпкерлер А. Әбенова мен Қ. Еңсепбаев облыстық тұрақтандыру қорынан 2 тонна, 12 тонна басты пияз өнімін алып, халыққа нарық бағасын төмен бағада сатылымға шығарылды.

«Наурыз» мереке аясында а.ж. 18-ші наурыз күні аудан орталығында ірі ауылшаруашылығы тауар өндірушілер мен кәсіпкер барлығы 58 тонна өнім 20 дана автокөлікпен нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада жәрмеңкеде өнімдерін сатылымға шығарылды. 

Мемлекеттік қызмет. Ауылшаруашылығы техникалары бойынша 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында жеке және заңды тұлғаларға барлығы 42 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2023 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 80 маманға 414 000,0 млн теңге қаржы (1500 АЕК-1 маманға 5 175 000 тг) қаралып, осы жылдың мамыр, маусым, шілде және қыркүйек айларында игерілетін болады.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 80 маманға 27 600,0 млн теңге қаржы (100 АЕК-1 маманға 345000 тг) қаралып, осы қаржы сәуір, мамыр, маусым айларында игерілетін болады.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Егіс көлемі. Аудан бойынша 2022 жылы барлығы 17 402 га жерге (меже 100%) ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (2021 жылы 17 090 га).

О.і. дәнді дақылдар 6772 га (о.і. жаздық бидай 303 га, арпа 78 га, тары 30 га), майлы дақылдар 263 га (күнбағыс 15 га, мақсары 248 га), картоп, көкөніс, бақша 2350 га (картоп 330 га, көкөніс 970 га, бақша 1050 га), мал азықтық дақылдар 7910 га (жаңа жоңышқа 2619 га, ескі жоңышқа 4691 га, сүрлемдік жүгері 600 га). Негізгі дақыл - күріштің көлемі 6 361 га.

Айта кету қажет, ү.ж Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты межеленген күріш егісінің көлемі 377 га кем егіліп, есесіне әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп жаздық бидай 14 га, арпа 48 га, мақсары дақылы 148 га, картоп 30 га, бақша 14 га, көкөніс 70 га жоңышқа 53 га артық орындалды.

2022 жылы жаңбырлатып суғару тәсілімен «РЗА» АҚ-ы 87 га сүрлемдік жүгері дақылын орналастырды. Бұдан бөлек жеке кәсіпкер «Н. Нұрқожаев» 6 га қарбыз, қияр, асқабақ дақылдарын тамшылатып суғару тәсілімен екті.

Егістен межелі өнім алу мақсатында шаруашылықтар 2792 тн минералды тыңайтқыш және зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін 5505 литр пестицидтер сатып алып пайдаланды.

Сондай-ақ, шаруашылықтар 2022 жылдың егісіне 1736 тн күріш, 10 тн жаздық бидай, 3,5 тн мақсары, 34 тн жоңышқа және 13 тн жүгері дақылы тұқымын пайдаланды. Атап өту қажет, осы жылы күріш тұқымы сорттарын жаңарту мақсатында барлығы 929 тн элита тұқымын сатып алды. Бұл, барлық пайдаланған күріш тұқымның 53,5 % құрайды.

Жанар-жағар май. Мемлекет тарапынан кепілді бағамен көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 1950 тн дизель отыны бөлініп, оның 1303 тн әр литрі 210 теңгеден жеткізіліп берілді (о.і. көктемде 980 тн, күзде 970 тн).

Техника. Аудан бойынша егін егу және егін жинау жұмыстарына барлығы 575 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты. (о.і. көктемде 290 тн, күзде 285 тн).

Олардың 188 данасы шетелдің озық үлгідегі заманауи техникасы.

2021 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері барлығы 9 дана әр түрлі ауылшаруашылығы техникасын сатып алынды.

Суармалы су. Дақылдарды вегетация кезінде суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 358,25 млн.м³ және экологиялық қажеттілікке 270,0 млн. м³, барлығы 628,25 млн. м³ су лимиті бөлініп, жыл бойына нақты 592,08 млн. м3 (о.і. егіске 322,08 млн. м3, экологиялық қажеттілікке 270,0 млн. м3) пайдаланылды.

Егін жинау. 2022 жылы орын алған су тапшылығы жағдайына қарамастан ауылшаруашылығы дақылдарынан жиналған жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары болды.

Атап айтқанда, 303 га бидай дақылынан барлығы 178 тн өнім жиналып, орта өнім 5,9 цн айналды.

Сәйкесінше, 78 га арпадан барлығы 38,4 тн өнім жиналып, орта өнім 4,9 цн, 248 га мақсарыдан барлығы 87 тн (орта өнім 3,5 цн), 15 га күнбағыстан 24 тн (орта өнім 16 цн), 30 га тарыдан 67,6 тн (орта өнім 22,3 цн) өнім жиналды.

Сондай-ақ, 330 га картоптан 4 851 тн (орта өнім 147 цн), 970 га көкөністен 13 580 тн (орта өнім 140 цн), 1064 га бақшадан 16 386 тн, (орта өнім 154 цн) өнім алынды.

Негізгі дақыл 6 361 га күріштің гектар түсімі 33 цн құрап, барлығы 21 008 тн астық жиналды.

Күтімге алынған 4 691 га ескі жоңышқаның 400 га тұқымға қалдырылып, 4 291 га ораққа түсіп, барлығы 12 636 тн шөп (орта өнім 29,4 цн) 2 712 га жаңа жоңышқа дақылынан барлығы 1203 тн (орта өнім 4,4 цн) шөп дайындалса, 600 га жүгеріден барлығы 5 179 тн сүрлем салынды (орта өнім 86,3 цн).

2023 жылғы егіс көлемі. 2023-2030 жылдарға арналған ротациялық кестеге сәйкес аудан бойынша 2023 жылы барлығы 17 612 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасады деп болжануда.

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 7286 га (о.і. күріш 6993 га, жаздық бидай 200 га, арпа 78 га, тары 15 га), майлы дақылдар 65 га (күнбағыс 15 га, мақсары 50 га), картоп, көкөніс, бақша 2250 га (картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га) (2021 жылы 2250 га), мал азықтық дақылдар 8 011 га (жаңа жоңышқа 2717 га, ескі жоңышқа 4694 га, сүрлемдік жүгері 600 га).Негізгі дақыл - күріш 6 993 га.

Тұқым дайындау. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2022 жылдың егісі үшін өз өнімінен 1 750 тн күріш, 32 тн жоңышқа және 4,2 тн мақсары тұқымын дайындаса, 34 тн жаздық бидай және 15 тн сүрлемдік жүгері дақылы тұқымын сырт мекемелерден сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар, келесі жылдың егісі үшін 2 150 га сүдігер көтерілді (меже 100 %).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі. Статистикалық деректерге сәйкес аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 19,5 млрд теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 99 % құрады. О.і. егіншілік 10,1 млрд. теңге (96,2%), мал шаруашылығы 8,9 млрд. теңге (103%).

Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция. Аудан бойынша 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі қорға салынған инвестиция көлемі 740,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 135,3% орындалған (2021 жылы 727,6 млн. теңге)

Экспорт. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында аудан  барлығы 4979,1 тн ауыл шаруашылығы шаруашылығы өнімдері экспортталды. Атап айтқанда, 3374,3 тонна 108,3% (2021 ж 3113,5 тн) тн ақ күріш пен күріш қалдығы, 893,7 тонна 127,6% (2021 ж 700 тн) балық өнімдері («СПК Қызылорда балық» ЖШС 309 тн, жк Игіліков 391 тн, Ресей Федерациясы, Дания, Германия, Грузия, Қытай) және 711,1 тонна 41,8 есе (2021 ж 170 тн)  қамыс (Германия, Нидерланд, Беларус).

Каналдар бойынша:  Облыстық бюджеттен 2022 жылы                  3 каналға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 101,8 млн. теңге бөлініп (Алға а/о «Шлюз арық» 63,7 млн. теңге, Құмжиек а/о «Үлкен арық» 6,7 млн. теңге, Арықбалық а/о «Аққолқа» 31,4 млн. теңге), Арықбалық ауылдық округіндегі «Аққолқа» каналының 4 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 2 гидротехникалық құрылысы жаңадан салынды және Алға ауылдық округіндегі «Шлюз арық» каналының 11,5 шақырымына тазалау және сағасындағы су тоспасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, Құмжиек ауылдық округіндегі «Үлкен арық» каналының                    1,2 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жасалынды.

Сондай-ақ, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы «Жалаңтөс батыр» ЖШС егістігін суландыратын 5х-1 (9 км), 5х-2 (12,5 км) каналдарына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, вегетациялық кезең аяқталғаннан кейін, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы «Сол жаға» магистралды каналының 3 шақырымына механикалық тазалау және канал бойындағы 7 су өткізгіш, 15 гидробекетке жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Алға ауылдық округіндегі «Ішкі» (1,1млн. теңге) каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. (Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін  2023 жылы бюджеттік  өтінім тапсыру жоспарланған)

Сонымен қатар, Қызылқұм ауылдық округіндегі «Нартай» каналына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. 2023 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін бюджетке өтінім тапсыру  жоспарланған.

Бұдан бөлек, 2023 жылы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы «Майдакөл» (Ақжона а/о) «Таймас» (Майдакөл а/о) және «Қызыл-ой» (Қарашеңгел а/о), «Бөкебай» (Аранды а/о) каналдарына, су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, Құмжиек ауылдық округіндегі "Өтебас" каналына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге (жоба құны 58,1 млн. тг.) бюджеттік өтінім тапсырылды.

Сонымен қатар, су тапшылығының алдын алу мақсатында су сорғысына ұсыныс беріліп, 6 ауылдық округке (Қарашеңгел, Өркендеу, Бірлік, Алға, Ақжона, Майдакөл) су сорғысы әкелінді.

Бұдан бөлек, ауылдық округтердегі су сорғыларының бұзылып тозуына байланысты, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 3 дана су сорғысын алуға ұсыныс хат жолданды.

Скважиналар туралы: Аудан тұрғындарының  ұсыныс пікірлеріне сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында скважина қазу жұмыстарының кезектілігі жасалынды. Кезектілікке сәйкес                   2021 жылы Қарашеңгел, Құмжиек, Шәкен және Арықбалық ауылдық округтеріне скважина қаздыруға аудандық бюджеттен (2 976 000 теңге) қаржы бөлініп жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, 2022 жылы ҚР Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 3 ауылдық округ аумағынан скважина қазуға  61,8 млн. теңге бөлініп, Қарашеңгел а/о (мердігер «Прайд LTD» ЖШС, жоба құны 15,4 млн. теңге, бұрғылау тереңдігі 230 м.) Шәкен (мердігер «ЭнергияНұр» ЖШС, жоба құны 19,9 млн. теңге, бұрғылау тереңдігі 368 м.), Арықбалық (мердігер «ЭнергияНұр» ЖШС, жоба құны 17,9 млн. теңге, бұрғылау тереңдігі 350 м.) ауылдық округтерінде қазу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріледі. Ал, Құмжиек ауылдық округіндес кважина қаздыру үшін облыстықбюджетке өтінім тапсырылды (жоба құны 14,7 млн.тг).

Сонымен қатар, аталған кезектілікке сәйкес 2022 жылы Ғ.Мұратбаев, Ақжона, Майлыбас және Басықара ауылдық округтерінде скважина қазу үшін ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджетке өтінім тапсырылды (4 скважинаға ЖСҚ дайындау үшін 5,77 млн. теңге).

Балық шаруашылығы туралы: Аудан бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары тізіміне жалпы аумағы 4341 гектар болатын, барлығы 23 көл (о.і. 9-і тауарлы, 14 кәсіпшілік) енгізілген. Қазіргі таңда, осы су айдындарының 21-і облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларына сәйкес табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілді.

2022-2023 жылдарға бөлінген балық аулау лимитіне сәйкес             21 267 кг балық аулау жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 3621 кг балық ауланған. Егістік алқаптарында балық шабақтарының қырылуына жол бермеу және көлдерді балықтандыру мақсатында ү.ж. 744100 дана балық шабақтары құтқарылып су айдындарына жіберілді.

Аудан бойынша 2 балық өңдеу зауыты жұмыс жасауда. (ЖК «Игіліков Т» зауыт куаттылығы: жылына 2000 тн балық өндейді. «СПК Қызылорда Балық» зауыт қуаттылығы 3000 тн балық өңдейді). Аталған зауыттардың «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Бүгінгі күнге 693,4 тн балық экспортқа шығарылған. (ЖК «Игіліков Т»-513,4 тн, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-180 тн, экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта,шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық)

Бұдан бөлек, аудан аумағында 5 балық сақтайтын тоңазтқыш бар. (ЖК «Игіліков Т», «СПК Қызылорда Балық», ЖК Аязбаев Мұхтар, ЖК Рзақұлов Серік, «Орын-Ай» ЖШС)Тоңазқыштың жалпы сыйымдылығы 2500 тн құрайды.

Мемлекеттік қызмет. Ауылшаруашылығы техникалары бойынша 2022 жылы жеке және заңды тұлғаларға барлығы 123 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның 104 электронды және 19 қағаз түрінде).

Анықтамалық:32 данатехника тіркеліп, (24 жеке тұлға 8 заңды тұлға), 12данатехника есептен шығарылды, (8 жеке тұлға 4 заңды тұлға).68данатракторист-машинист куәлігі беріліп,7 дана ауыл шаруашылығы арнайы машиналарының кепілін мемлекеттік тіркеу,4 данатехника жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. 2022 жылы республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 100 маманға 459 450,0 мың теңге қаржы (1500 АЕК-1 маманға 4 594 500 тг) қаралып, осыдан 458 268,5 мың теңге 100 маманға тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несие ұсынылып 99,7 %-ға игерілді.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 100 маманға 30 630,0 мың теңге қаржы (100 АЕК-1 маманға 306300 тг) қаралып, осы қаржы сәуір, мамыр, маусым және желтоқсан айларында 100 маманға ұсынылып 100%-ға толығымен игеріледі.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (әрі қарай - ӘМАТ) бағасын тұрақтылығын бақылау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан күнделікті мониторинг жасалынып, оларға талдау жүргізіліп отырады.

Аудан көлеміндегі ірі сауда желілерінде өнімдердің толымдылығын қамтамасыз ету және бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде азық-түлік өнімдерінің көтерме тасымалдаушылармен бірлесіп тиісті жұмыстар жасалуда.

Ү.ж. 30-ші желтоқсан күні жүргізілген мониторинг нәтижесінде ӘМАТ өнімдерінің ішінде төмендегі 3 өнім түрі бойынша баға, 4-ші тоқсанға белгіленген шекті мәнімен  салыстырғанда 15%-дан жоғары болып отыр.

Атап айтқанда, айран 109 тг (257-366тг, 42% ), ас тұзы 16 тг (48-64 тг, 32% ), күріш 109 тг (339-448тг,32 %).

Облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовтың төрағалығымен өткен ӘМАТ –қа бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы комиссия отырысында ақ канттың облыс көлемінде өндірілмейтіндіктен және тауық етінің, майлылылығы 5-9% сүзбенің,С1 санатты тауық жұмыртқасы және пияздың жергілікті өндіру көлемі облыс халқының  қажеттілігін толық қамтамасыз етілмеуінен және басым бөлігі өзге өңірлерден тасылмалдануына байланысты осы өнімдерге бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту экономикалық орынсыз деп ШЕШІМ шығарды.

Сондай-ақ, мамыр-желтоқсан айларында нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК АҚ-мен жасалған келісім-шартқа сәйкес орераторлар арқылы ауданға барлығы     263 тн әлеуметтік ұн жеткізіліп (о.і. «РЗА- Нан» ЖШС 158 тн, ЖК «Л. Мырзағұлова» 105 тн) наубайханаларға әр килограмы 136 теңгеден (қабы 6800 тг) таратылып келеді.

Бүгінгі күні, ауданда 5 наубайхана тәулігіне 1235 дана әлеуметтік нан шығарып, 32 дүкен сөресінде 75-85 теңге аралығында сатылуда.

Айта кету қажет, ауданда ӘМАТ бағаларын тежеу мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ү.ж. 7 қарашасы күні ЖК Қ. Еңсепбаев «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы «айналым схемасы» бойынша барлығы 20 млн. теңге көлемінде заем алып, бүгінгі күні әлеуметтік дүкенді іске қосты.

Дүкенде, әзірше ӘМАТ-тың 13 түрі (картоп, сәбіз, басты пияз, қырыққабат, макарон, ет өнімдері (суп набор) сүзбе,қарақұмық жармасы,ақ қант,күнбағыс майы, сары май, ұн және нан) сатылуда. Кәсіпкердің айтуы бойынша алдағы күндері ӘМАТ басқада түрлерін әкеліп, сатылымға шығаратынын жеткізді.

Сонымен қоса, өңірімізде азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында белгіленген іс-шараларға сәйкес жасалынған облыс әкімі бекіткен жәрмеңке кестесіне орай, аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлердің қатысуымен, (Ел Астанасында 1 рет, облыс орталығында 3 рет, Байқоныр қаласында 1 рет және аудан орталығығында және Қазалы қаласында 7 рет) ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Аталған жәрмеңкеде ауылшаруашылығы тауарларын өндіретін өндірушілер халыққа нарықтағы бағадан 10-15% төмен бағада ұсынылды.


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША 2022 ЖЫЛДЫҢ

ІІІ ТОҚСАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

 Егіс көлемі. Аудан бойынша барлығы биылғы жылы 17 402 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (меже 100% орындалды. 2021 жылы 17 090 га немесе 101,8%)

О.і. дәнді дақылдар 6772 га, майлы дақылдар 263 га, картоп, көкөніс, бақша 2364 га, мал азықтық дақылдар 8003 га.

Негізгі дақыл - күріштің көлемі 6 361 гектар

Су тапшылығына байланысты межеленген күріш көлемін 377 га қысқартып (меже 6738 га), есесіне суды аз тұтынатын әртараптандыру бағытындағы дәнді дақылдар 62 га (жаздық бидай 14 га, арпа 48 га), майлы дақылдар 148 га (мақсары 148 га), картоп, көкөніс, бақша 114 га (картоп 30 га, бақша 14 га, көкөніс 70 га), мал азықтық дақылдар 53 га (жоңышқа 53 га) артық орындалды.

Су лимиті. 2022 жылы ауданға барлығы 628,2 млн. м³ су лимиті бекітілген. Оның ішінде дақылдарды вегетация кезінде тұрақты сумен қамтамасыз етуге 358,2 млн. м³ және экологиялық қажеттілік 270 млн. м³.

Егісті күтіп-баптау. Аудан бойынша күріш егісінің 4 717 га (меже 100%) үстеп қоректендірілсе, 2 500 га (меже 100%) арам шөптерге қарсы өңделді.

Техника дайындығы. Егін орағына барлығы 285 дана техника (42 дана комбайын, 29 дана жатка, 115 дана трактор, 40 дана жүк көлігі және 59 дана трактор тіркемесі)  қатысуда.

Атап өту қажет, күріш орағына қатысатын жатка мен комбайынның 24 данасы шетелдік жоғары өнімді, сапалы, заманауи техникалары (о.і.8-і Джон-Дир, 7-і Класс, 8-і Магдон және 1-і Торум)

Шаруашылықтар бойынша егін жинау науқанына қатысатын техникаларға қажетті қосалқы бөлшектер мен қою май және жағар май қорлары жеткілікті көлемде қамтамасыз етілуде.

Жанар-жағармай. Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен барлығы 970 тн дизель отыны бөлініп, (о.і. тамызда 270 тн, қыркүйекте 390 тн, қазанда 310 тн).

Бүгінгі күні 398 тн (41,0%)  дизель отыны алынды. («Агро Өркен» ЖШС – 76 тн, «РЗА Агро» ЖШС – 170 тн, «Жалаңтөс батыр» ЖШС-52 тн, «Ақмаржан» ШҚ-30 т» «Сыр маржаны» ЖШС-60 тн, «Алшын» ЖШС – 10 тн)

Егін жинау. Үстіміздегі жылы егілген 303 га бидай дақылынан барлығы  114,9 тн өнім алынса (орта өнім 3,8 цн), 78 га арпа дақылынан барлығы 20 тн өнім алынды. (орта өнім 2,6 цн)

Бұдан бөлек, 970 га көкөніс дақылының 860 га барлығы 11998 тн және (88,7 %, орта өнім 139,5 цн), 1064 га бақша дақылының 905 га барлығы 13611 тн (85,0 %, орта өнім 150,4 цн)  330 га картоптың 183 га барлығы 2639 тн өнім жиналды (55,5 %, орта өнім 144,2 цн)  .

Сонымен қатар, мақсары дақылының 248 га барлығы 46 тн  (орта өнім 1,8 цн)  15 га күнбағыстан барлығы 24 тн (орта өнім 16 цн/га), 30 га тары дақылынан 66,8 тн өнім алынып (орта өнім 22,3 цн/га) алынса, 600 га сүрлемдік жүгері дақылының 389 га жиналып 3771 тн (орта өнім 96,9 цн) өнім алынды. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Мал азығын дайындау. 102 мың.тн шөп дайындау межеленіп бүгінгі күні 95 мың.тн мал азығы дайындалды. (93,1 %)

Сондай-ақ, 4291 га жоңышқаның екі орымынан барлығы 12636 тн шөп дайындалды (орта өнім 29,4 цн/га). 2712 га жаңа жоңышқа дақылы толығымен жиналып барлығы 1203 тн мал азығы жиналды. (орта өнім 4,4 цн/га)

Бүгінгі күні аудан бойынша барлығы 1954 га (30,7%) күріш дестеге салынса, 1232 га  (19,4%) бастырылып орта өнім 38 цн/га алынуда. Аталған жұмыстар жалғасуда.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. Қазалы ауданы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне тіркелген мал басын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы айтарлықтай өскен. Атап айтқанда:

48 172 бас мүйізді ірі қара (105,9 %), о.і. 18 469 бас аналық сиыр (104,7 %), 66 929 бас қой (100,8 %), 45 513 бас ешкі (90,7%), 45 393 бас жылқы (116,1 %), 13 099 бас түйе (105,8 %), 8 610 бас құс (107,4 %).

Өндірілген өнім бойынша ү.ж 8 айында 3 725,1 тн ет (102,0 %) (тірі салмақта), 10 941,7 тн сүт (100,1 %), 482,9 мың дана жұмыртқа (102,5 %), 7 847 дана ірі тері (110,4 %), 11 400 дана ұсақ тері (101,4%) өндірілді.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларына жалпы өнім шығарылымы 8,1 млрд теңгені құрап, 2021 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,0%-ға артты.

Мал басының үлес салмағы, ауылшаруашылығы кәсіпорындарда 2,4 пайыз, шаруа қожалықтарында 30,6 пайыз, жеке секторда 67 пайызды құрайды.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы сатып алынған мал басы. Жыл басынан бері (9 айда) ауыл шаруашылығы құрылымдары мемлекеттік бағдарламалар аясында (Іскер, Агробизнес бағдарламалары) мал сатып алуға қаржы ұйымдарынан мал сатып алуға 435,7 млн теңге несие алынған.

Атап айтқанда 7,0 млн теңгеге 28 бас мүйізді ірі қара, 2,8 млн теңгеге 63 бас қой,  414,5 млн теңгеге 1005 бас жылқы малы, 11,4 млн теңгеге 14 бас түйе.

Экспорт. Ағымдағы жылдың 9 айында ауданнан 2823 тонна ақ күріш пен күріш қалдығы және 557 тн балық, 614 тн қамыс  өнімдері экспортқа шығарылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары туралы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларының (әрі қарай - ӘМАТ) бағасын тұрақтылығын бақылау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімітарапынан күнделікті мониторинг жасалынып, оларға талдау жүргізіліпотырады.

Ү.ж. 30 қыркүйек күні жүргізілген мониторинг нәтижесінде ӘМАТ өнімдерінің ішінде төмендегі 6 өнім түрі бойынша баға, 3-ші тоқсанға белгіленген шекті мәнінің салыстырғанда 15%-дан жоғары болып отыр.

Атап айтқанда,бірінші сұрыпты бидай ұны 49 теңгеге (198-247 тг, 24% )тауық еті 319 тг (951-1270тг,  33%)басты пияз 133 тг (95-133 тг, 39%), қант 313 тг (300-613тг, 104%), ас тұзы 21 тг(48-69 тг, 43% ) және тауық жұмыртқасы 138 тг (510-372тг, 37%).

Нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ауданға қажетті ұн жеткізуші оператор болып «РЗА- Нан» ЖШС-тігі бекітіліп, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен «РЗА-Нан» ЖШС-і арасында әлеуметтік ұн жеткізу және оны әлеуметтік нан шығаруға пайдалану жөнінде екі жақты келісім-шарт жасалынды. (Келісім-шарт №21/03/47, 2022 жылғы 21 наурыз). Бүгінгі күнге дейін «РЗА-Нан» ЖШС операторы арқылы ауданымызға 123 тн әлеуметтік ұн жеткізілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда ауданымызға ұн жеткізуші операторы болып жеке кәсіпкер «Мырзағұлова Л.» тағайындалып, «Байқоңыр» ӘКК»АҚ-мен жеке кәсіпкер арасында екі жақтыкелісім-шарт жасалынды дәне  жаңа оператор арқылы ауданымызға 65 тн  әлеуметтік  ұн жеткізіп, наубайханаларға таратылды. Қазіргі таңда, аудан бойынша  қазан айына қажетті  ұнның есебі шығарылып, «Байқоңыр» ӘКК»АҚ-ына тапсырыс жолданды. Қыркүйек айының соңына дейін ауданымызға қажетті әлеуметтік ұн толықтай жеткізіледі деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда 5 наубайханада тәулігіне 1000 ға жуық әлеуметтік нан шығарылып аудан көлеміндегі 36 сауда желілері мен дүкен сөрелерінде 75-85 теңге аралығында сатылуда.

Сонымен қоса, өңірімізде азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында белгіленген іс-шараларға сәйкес жасалынған облыс әкімі бекіткен жәрмеңке кестесіне орай, аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлердің қатысуымен, (Ел Астанасында 1 рет және аудан орталығығында және Қазалы қаласында 2 рет) 3 рет ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды және жыл соңына дейін (облыс орталығында 2 рет, Байқоңыр қаласында 1 рет және аудан орталығығында және Қазалы қаласында 2 рет) ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылу жоспарлануда. Аталған жәрмеңкеде ауылшаруашылығы тауарларын өндіретін өндірушілер халыққа нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағада ұсынуда. Аудан әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес ауданорталығында және Қазалы қаласында өтетін ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қазан айының соңына дейін аптаның әр сенбі күндері өткізілетін болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу және тұрақтандыру мақсатында ауданымыздағы жеке кәсіпкер Енсепбаев Куандык Карткужакович «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы «айналым схемасы» бойынша заем алып, Әйтеке би кентінен әлеуметтік дүкен ашуүшін құжаттарын рәсімдеп, коммисия шешімін кутуде.

 «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша биылғы жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуғанемесе салуға 100 маманға 459 450,0 мың теңге қаржы (1500 АЕК-1 маманға 4 594 500 тг) қаралып, осыдан 458 268,5 мың теңге 100 маманға тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несие ұсынылып 99,7 %-ға игерілді.

Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 80 маманға 24 504 000 мың теңге қаржы (100 АЕК-1 маманға 306300 тг) қаралып, осы қаржы сәуір, мамыр, маусым айларында 80 маманға ұсынылып толығымен игеріледі.

Су шаруашылығы туралы. Сырдария өзенінде орын алып келген су тапшылығын салдарынан аудан көлеміндегі жайылымдық, шабындық және көлдер өз дәрежесінде суландырылмады.

Көлдер мен шабындық және жайылымдарды суландыру жұмыстарын жақсарту мақсатында үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 3 каналға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 101,8 млн. теңге (Алға а/о «Шлюз арық» 63,7 млн. теңге, Құмжиек а/о «Үлкен арық» 6,7 млн. теңге, Арықбалық а/о «Аққолқа» 31,4 млн. теңге) бөлініп, бүгінгі күні «Шлюз арық» «Аққолқа» және «Үлкен арық» каналдарына тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, өткен жылы облыстық су шаруашылығы мекемесімен «Құмкөл» көлін (Әйтеке би кенті)суландыратын «Абдулла аша» каналының 1,2 км механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы «Нартай» (Қызылқұм а/о), «Майдакөл» (Ақжона а/о) «Таймас» (Майдакөл а/о) және «Қызыл-ой» (Қарашеңгел а/о) каналдарына су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттарын әзіреу үшін тиісті басқармалар арқылы бюджеттік өтінім тапсырылды.

Бұдан бөлек, шалғайдағы жайылымдарды суландыру да өте өзекті мәселе болуда. Бұл жерлерде соңғы 40 жыл шамасында бірде-бір бұлақ немесе құдық қазылмаған. Бұған дейінгі су көздері шетінен істен шығып қалған.

Аталған қиындықтардың алдын алу мақсатында осы жылы 3 су ұңғыманы қаздыруға (Қарашеңгел, Шәкен және Арықбалық) республикалық бюджеттен 61,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні, Қарашеңгел (мердігер «Прайд LTD ЖШС), Арықбалық (мердігер «Энергия Нұр» ЖШС) және Шәкен (мердігер «Энергия Нұр» ЖШС) ауылдық округтерінде қазу жұмыстарын жүргізетін  мердігер мекеме анықталып, келісім-шартқа отырып. Қарашеңгел ауылдық округінен 1 дана су ұңғымасы қазылды.


Анықтама (2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша)

Аудандық статистика басқармасынан алынған жедел ақпаратқа сәйкес 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млрд. 885 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 102,4 %-ға артты.

6 айда ауылшаруашылығы саласына 24,1 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.

ЕГІНШІЛІК. Үстіміздегі жылы барлығы 17 402 га жерге (меже 17 402 га) ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (2021 жылы 17 090 га). Негізгі дақыл күріш 6361 га.

О.і. дәнді дақылдар 6772 га (о.і. жаздық бидай 303 га, арпа 78 га, тары 30 га), майлы дақылдар 263 га (күнбағыс 15 га, мақсары 248 га), картоп, көкөніс, бақша 2350 га (картоп 330 га, көкөніс 970 га, бақша 1050 га), мал азықтық дақылдар 7910 га (жаңа жоңышқа 2619 га, ескі жоңышқа 4691 га, сүрлемдік жүгері 600 га).

Айта кету қажет, ү.ж Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты межеленген күріш егісінің көлемі 377 га кем орындалғанымен есесіне әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп жаздық бидай 14 га, арпа 48 га, мақсары дақылы 148 га, картоп 30 га, бақша 14 га, көкөніс 70 га жоңышқа 53 га артық орындалды.

Егістен межелі өнім алу мақсатында шаруашылықтар 2792 тн минералды тыңайтқыш және зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін 5505 литр пестицид сатып алды.

Шаруашылықтар биылғы жылдың егісіне 1736 тн күріш10 тн жаздық бидай34 тн жоңышқа және 3,5 тн мақсары тұқымын пайдаланды.

Бұдан бөлек, тұқым жаңарту мақсатында 929 тн күріш, 20 тн жаздық бидай,15 тн жаңа жоңышқа және 13 тн жүгері тұқымын сатып алынды.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 290 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты.

Мемлекет тарапынан 980 тн (о.і. наурыз 240 тн, сәуір 360 тн, мамыр 380 тн) арзандатылған дизель отыны бөлініп, жеткізіп беруші операторлар анықталып, бүгінгі күнге, шаруашылықтар 670 тн дизель отынының (68,4 пайызын) сатып алды.

Суармалы сумен қамтамасыз ету және су жүйелерінің дайындығына келсек, дақылдарды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 628,2 млн. м³ суармалы су лимитіне келісім алынды. (Оның ішінде егістікке 358,2 м³,экологиялық қажеттілік 270,0 млн.м³ ).

Қазіргі таңда, шаруашылықтарда дақылдарды күтіп-баптау және ескі жоңышқаның екінші орымы жүргізілуде. Жинақталған мәліметтер бойынша бүгінгі күні күріш егісінің 1707 га (меже 4717 га) үстеп қоректендіріліп, 2500 га (меже 2500 га) арам шөптерге қарсы өңделді. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Аудан бойынша егілген күріш дақылының 633 га (10 %) өскін, 4192 га (65,9 %) түптену және 1536 га (24,1 %) түтікке шығу фазасында.

Бұдан бөлек, 600 га сүрлемдік жүгері дақылына культивация жүргізіліп, 500 га үстеп қоректендіріліп, суғару жұмыстары жүргізілуде.

Ораққа түсетін 4291 га ескі жоңышқа дақылының бірінші орымы толық аяқталып, барлығы 5109 тн жоңышқа шөбі дайындалды (орта өнім 12,0 цн/га). Бүгінгі күні екінші орымның 583 га 932 тн жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім гектарына 16 цн айналып аталған жұмыстар жалғасуда.

ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРМЕН КҮРЕС. «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің мәліметі бойынша 2022 жылы саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы экономикалық зиян шегу мөлшерінен асқан барлығы 1440 га жерге облыстық бюджет есебінен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді (о.і. 540 га шаруашылық жері, 900 га мемлекеттік жер қоры. «Авиакомпания «Дельта-Юг» ЖШС, Түркістан облысы).

Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен ерекше қауіпті зиянды организмдер италиялық прусқа 450 га және азиялық шегірткеге 7000 га жерге химиялық өңдеу жасалды.

Карантиндік обьектіге қарсы республикалық бюджет есебінен қауын шыбыны 210 гектар, жатаған у кекіре 2 гектар, шаруашылық есебінен 5 гектар калифорниялық қалқанша сымырына, 7 гектар арамсояу барлығы 224 гектар көлемге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, жоспар толық орындалды.


Анықтама (2022 жылдың І тоқсаны бойынша)

Егіс көлемі. Инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестірудің 2015-2022 жылдар аралығындағы бірыңғай схемасын басшылыққа ала отырып 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру барлығы 17 402 гектарға межеленіп отыр.

 Дәндi дақылдар 7087 га, майлы дақылдар 115 га, мал азықтық дақылдар 7950 га, картоп, көкөнiс, бақша 2250 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 6738 га.

Дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. 2021 жылмен салыстырғанда әртараптандыру дақылдарының көлемі барлығы 312 га артық орналасатын болуда. (О.і. дәнді дақылдар 240 га, майлы дақылдар 60 га және мал азықтық дақылдар 12 га).

Тұқым дайындау. 2022 жылдың егісі үшін 1736 тн күріш, 20 тн жаздық бидай, 34 тн жоңышқа және 3,5 тн мақсары дақылының тұқымдары дайындалды.

  Анықтамалық: Үстіміздегі жылы шаруашылықтар сорттарды жаңарту мақсатында «Агро Өркен» ЖШС күріш янтар 162 тн және лидер 18 тн, 6 тн жоңышқа, бидай 20 тн  және «Жалаңтөс батыр» ЖШС күріш лидер  30 тн және 2 тн жоңышқа тұқымын («Мағжан и К» ЖШС), «Ақмаржан» ШҚ күріш лидер 30 тн («Таң» ЖШС) сатып алды.

Сонымен қатар, биылғы жылдың егісі үшін 2150 га сүдігер көтеріліп, 150 га жер қандыра суғарылса, 17 мың га (меже 20,0 мың га) шабындық пен жайылымдық суландырылды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер дайындау. Аудан бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 2874 тн минералды тыңайтқыш  және күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын 8416 литр гербицид қажет. Осыдан бүгінгі күнге дейін, барлығы 1096 тн (38,1 %) тыңайтқышы жеткізілді.

Техника дайындығы 2022 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 148 трактордың 95 %, 56 соқаның 98,0 %, 25 дән сепкіштің 96,0 %, 45 трактор тіркемесінің 98,0 %, 16 жүк көлігі толығымен жөндеуден өтті. Аталған жұмыстар жалғасуда.

Жанар-жағар май. Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан 980 тн (о.і. наурыз 240 тн, сәуір 360 тн, мамыр 380 тн) арзандатылған дизель отыны бөлініп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері операторлыққа «НефтьТранс Қызылорда» ЖШС («Рза Агро» ЖШС, «Жалаңтөс батыр» ЖШС, «Агро Өркен» ЖШС, «Ақмаржан» ШҚ, «Алшын» ЖШС, «Мерей» ШҚ) «Ретайл» ЖШС («Жанкент Агро» ЖШС) және «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС («Сыр Маржаны» ЖШС) белгілеп, дизель отынының әр литрін 200 теңгеден жеткізіп беретін болуда. Қазіргі таңда аудан бойынша 216 тн дизель отыны алынды.

Суармалы сумен қамтамасыз ету және су жүйелерінің дайындығы.

Су нысандарын дайындау мақсатында жасалынған іс-шараға сәйкес, бүгінгі күнге су жүйелерін тазарту 51%-ға, насос қондырғысын жөндеу 75%-ға,  шабындық жерлерді суғару 65%-ға, гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу 100%-ға орындалды.

Анықтамалық: ЖОСПАР; су жүйелерін тазарту 12,0 мың текше метр, 5 дана гидротехникалық құрлысты (о.і. шаруашылық аралық 3, ішкі шаруашылық 2), 4 дана насос қондырғысын, 4 дана гидробекетті жөндеу және 300 га егістікті ылғалдандырып суғару мен 20,0 мың га шабындық жерлерді суғару.

Бұдан бөлек, ауылшаруашылығы құрылымдары өз күштерімен 29 км ішкі шаруашылық каналдарын қазып және 11,7 мың текше метр су жолдарын қамыстан тазартты.

Анықтамалық: жоспар 9 дана гидротехникалық құрлыстарды қалпына келтіру, 71,6 шықырым су жолдарын қазу 18 мың текше метр су жолдарын қамыстан тазарту.

2022 жылы Алға ауылдық округіндегі «Шлюз арық» (63,7 млн. теңге), Құмжиек ауылдық округіндегі «Үлкен арық» (6,7 млн. теңге), Арықбалық ауылдық округіндегі «Аққолқа» (31,4 млн. теңге) каналдарына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінініп, бүгінгі күні мердігерлер анықталып, жақын күндері құрылыс жұмыстарына кірісетін болады.

Сонымен қатар, Алға ауылдық округіндегі «Ішкі» (1,1млн. теңге) және Әйтеке би кентіндегі «165» (275 мың теңге) каналдарының жобалық-сметалық құжаттарын мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Өтебас каналының 11 км механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жоба сметалық жұмыстары қайта жасалуда.

Бұдан бөлек, мал жайылымдарын суландыруға байланысты Қарашеңгел, Шәкен, Арықбалық ауылдық округтері бойынша су ұңғымасын қаздыруға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жаңадан 25 су ұңғымасын қаздыру үшін жобалық-сметалық құжаттарын жасатуға облысқа бюджеттік өтінім тапсырылды. Сонымен қатар, ауылдық округ теңгеріміндегі босалқы жерлерде орналасқан 45 су ұңғымасын қайта қалпына келтіруге қажетті қаржы көлемін анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Майдакөл ауылдық округіндегі «1-5Д» қашыртқысын реконструкциялау үшін өткен жылы облыстық бюджеттен 87 млн. теңге бөлініп, оның 10,0 млн. теңге 2021 жылы игеріліп, қаржының қалған бөлігі үстіміздегі жылы игерілетін болуда.

Аудан көлемінде ерте егілетін дақылдар егу жұмысытары. Жаңа жоңышқа 2659 га (465 га 17,5 %), жаздық бидай 289 га (130 га 44,9 %)  және мақсары 100 га (15 га 15,0 %) орындалды. Сондай-ақ, 4691 га (1709 га 36,4 %) ескі жоңышқа тырмаланып, суғарылып, күтімге алынуда.


Анықтама (2021 жылдың 12 айы бойынша)

Егіс көлемі. Аудан бойынша үстіміздегі жылы барлығы 17 090 га жерге (меже 17 685 га) ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (2020 жылы 17 675 га).

О.і. күріш дақылы 6587 га, жаздық бидай 230 га, тары 30 га, күнбағыс 15 га, картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га, жаңа жоңышқа 2648 га, ескі жоңышқа 4690 га және сүрлемдік жүгері 600 га.

Айта кету қажет, ү.ж. орын алған құрғақшылық пен Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты межеленген егіс көлемі 595 га кем орындалды (жаздық бидай 340 га, мақсары дақылы 70 га, сүрлемдік жүгері 135 га және күріш дақылы 50 га).

Егістен межелі өнім алу мақсатында шаруашылықтар 4408 тн минералды тыңайтқыш және зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін 4967 литр пестицидтер сатып алып пайдаланды.

Сондай-ақ, шаруашылықтар үстіміздегі жылдың егісіне 1809 тн күріш, 39 тн жаздық бидай, 0,8 тн мақсары, 28 тн жоңышқа және 11,5 тн жүгері дақылы тұқымын пайдаланды.

Жанар-жағар май. Мемлекет тарапынан кепілді бағамен көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстарына барлығы 2025 тн дизель отыны бөлініп, оның 1695 тн әр литрі 178 теңгеден жеткізіліп берілді (о.і. көктемде 1070 тн, күзде 995 тн, жеткізіп беруші оператор «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС).

Техника. Аудан бойынша егін егу және егін жинау жұмыстарына барлығы 738 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты.

2021 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері барлығы 22 дана машина-трактор паркі 28 %-ға жаңаланып отыр.

Суармалы су. Дақылдарды вегетация кезінде суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 396,05 млн.м³ және экологиялық қажеттілікке 439,19 млн. м³, барлығы 815,44 млн. м³ су лимиті бөлініп, жыл бойына нақты 764,48 млн. м3 (о.і. егіске 325,29 млн. м3, экологиялық қажеттілікке 439,19 млн. м3) пайдаланылды.

Егін жинау. Үстіміздегі жылы қалыптасқан құрғақшылық пен су тапшылығына жағдайы қарамастан ауылшаруашылығы дақылдарынан жиналған жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары болды.

Атап айтқанда, ескі жоңышқа дақылының 2430 га екі рет орылып, барлығы 5827 тн (орта өнім 23,9 цн) және 1724 га жаңа жоңышқа дақылынан 1034 тн (орта өнім 6,0 цн) жоңышқа шөбі дайындалса, 600 га сүрлемдік жүгері дақылынан 5082 тн (орта өнім 84,7 цн) құнарлы мал азығы қамбаға салынды.

Сондай-ақ, 900 га көкөністен 12 241 тн (орта өнім 136 цн), 1 050 га бақшадан 15 466 тн (орта өнім 147,3 цн), 300 га картоптан 4 326 тн (орта өнім 144,2 цн), 30 га тарыдан (орта өнім 20,3 цн), 15 га күнбағыстан 21,0 тн (орта өнім 14 цн) өнім жиналды.

Ал, 6 587 га негізгі дақыл - күріштің әр гектарынан 44,9 цн орта өнім алынып, ел қамбасына 29 566 тн сыр салысы құйылыды.

Айта кету қажет, ү.ж. орын алған құрғақшылық салдарынан 230 га жаздық бидай дақылының 104 га орақ түсіп, бар болғаны 43 тн өнім жиналса (орта өнім 4,1 цн), 40 га мақсарының 23 га орақ түсіп,13 тн (орта өнім 3,3 цн) өнім жиналды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі. Статистикалық деректерге сәйкес аудан бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 17,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,3 %-ға артты.

 Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция. Аудан бойынша қаңтар-қараша айларында негізгі қорға салынған инвестиция көлемі 727,6 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 80,3% орындалған (2020 жылы 906,3 млн. теңге)

Экспорт. 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында аудан  барлығы 34300 тн ауыл шаруашылығы шаруашылығы өнімдері экспортталды. Атап айтқанда, 2404,5 тонна ақ күріш пен күріш қалдығы, 608 тонна балық өнімдері және 112 тонна қамыс.


Анықтама (2021 жылдың ІІІ тоқсаны)

Үстіміздегі жылы аудан бойынша барлығы барлығы 17 090 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (меже 17 685 га).

Атап айтқанда, дәнді дақылдар 6847 га (о.і. жаздық бидай 230 га, тары 30 га), майлы дақылдар 55 га (күнбағыс 15 га, мақсары 40 га), ККБ 2250 га (картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га), мал азықтық дақылдар 7938 га (жаңа жоңышқа 2648 га, ескі жоңышқа 4690 га, сүрлемдік жүгері 600 га).

Негізгі дақыл - күріш 6587 га жерге орналасты.

АНЫҚТАМАЛЫҚ: Айта кету қажет, ү.ж. орын алған қуаңшылық пен Сырдария өзені бассейндегі су тапшылғы салдарынан аудан бойынша межеленген егіс көлемі барлығы 595 га кем орналасты немесе 96,6% орындалды (о.і. жаздық бидай 340 га, мақсары 70 га, сүрлемдік жүгері 135 га, күріш 50 га).

2021 жылдың егісі үшін 1809 тн күріш, 39 тн жаздық бидай, 0,8 тн мақсары, 28 тн жоңышқа және 11,5 тн жүгері тұқымы пайдаланды. Биыл 945 тн жоғарғы репродукциялы күріш тұқым сатып алынып, қажет тұқымның 52,2 % жаңартылды.

Ү.ж. аудан бойынша барлығы 4408 тонна (меже 3226 тн 136,6 %) тыңайтқыш пен 4967 литр (меже 4968 литр 100 %) гербицид сатып алынып, күріш егісінің 5120 га арам шөптерге қарсы өңделіп, 4800 га үстеп қоректендірілді.

Сонымен қатар, 600 га сүрлемдік жүгеріге 2 рет культивация жасалып, үстеп қоректендірілді. Аталған дақылды 1 қыркүйектен бастап жинау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Дақылдарды суармалы сумен қамтамасыз етуге 352,63 м³, экологиялық қажеттілікке 270,0 млн.м³ барлығы 622,63 млн. м³ келісім алынып, пайдаланылуда.

Бүгінгі күні, Қазалы су торабына секундына 35 м3 су келіп, оның Оң жаға арнасына 2 м3, Сол жаға арнасына 8 м3су босатылып, Сырдария өзенінің төменгі ағысына 250 м3 жіберілуде.

Техника дайындығы. Егін орағына барлығы 284 дана ауылшаруашылығы техникасы қатысуда.

 Анықтамалық: Атап айтқанда 42 дана комбайын, 29 дана жатка,115 дана трактор,40 дана жүк көлігіжәне 56 дана трактортіркемесі. Шаруашылықтардан алынған мәліметтер бойынша бүгінгі күні техникалар толық жөндеуден өтіп, дайындыққа келтірілген. Сонымен қатар, қажетті қосалқы бөлшектер және қою май мен жағар майдың қорлары жеткілікті көлемде қамтылған.

Күріш орағына қатысатын жатка мен комбайынның 22 данасы шетелдік жоғары өнімді, сапалы, заманауи техникалары (о.і.8-і Джон-Дир, 7-і Класс және 7-і Магдон)

Жанар-жағармай. Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен барлығы 1070 тн дизель отыны бөлінді (о.і. тамызда 265 тн, қыркүйекте 340 тн, қазанда 465 тн). «НефтьТрансКызылорда» ЖШС оператор болып анықталып, дизель отынының әр литрінің бағасы 177 теңге болып белгіленді.

Бүгінгі күні,шаруашылықтарға барлығы 450 тн дизель отыны таратылды («Рза Агро» ЖШС-гі 270 тн, «Сыр Маржаны» ЖШС-гі 61 тн, «Жалаңтөс батыр» ЖШС-гі 54 тн, «Агро Өркен» ЖШС-гі 65 тн)

Егін жинау. Бүгінгі күні ауданда жаздық бидай мен мақсары дақылдары толық жиналды. 230 га жаздық бидай дақылының 104 га орақ түсіп, бар болғаны 43 тн өнім алынып, орта өнім 4,1 цн айналды. Сондай-ақ, 40 га мақсары дақылының 23 га орақ түсіп,13 тн өнім жиналып, орта өнім 3,3 цн құрады.

Ескі жоңышқа дақылының 2430 га екі рет орылып, барлығы 5827 тн жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім 23,9 цн айналса, 2648 га жаңа жоңышқа дақылының бар болғаны 1724 га жиналып, 1034 тн шөп дайындалып, орта өнім гектарына 6,0 цн айналып отыр. 600 гектар сүрлемдік жүгері дақылының 504 гектарынан (96,4 %) 4405 тн өнім алынуда. Аталған жұмыс жалғасуда.

Айта кету қажет, ү.ж. орын алған құрғақшылық салдарынан 126 га бидай,17 га мақсары, 1860 га ескі жоңышқа және 924 га жаңа жоңышқа егісіне мүлде орақ түскен жоқ (барлығы 2927 га).

Бүгінгі күні көкөніс дақылының 868 га (96,4 %) жиналып, 11584 тн өнім алынып, орта өнім 133,5 цн, бақша дақылының 983 га (93,6 %) жиналып, 13866 тн өнім алынып, орта өнім 141,1 цн айналуда. Сонымен қатар, көкөніс дақылының 30 га (63 %) жиналып, 37,6 тн өнім алынып, орта өнім 19,8 цн, 15 га күнбағыстың  11 га (73 %) жиналып, 16,5 тн өнім алынып, орта өнім 15 цн айналуда.

Қыркүйек айының ІІІ-ші онкүндігінде аталған  дақылдарды толық жинап аяқтау жоспарлануда.

Күріш орағы. Аудан бойынша күріштің суын байлау, ору және бастыру кестелері бекітіліп, күріш алқаптарының суын байлау тамыз айының 6 жұлдызынан басталып, 24 тамызда толық аяқтады.

Аудан бойынша үстіміздегі жылы егілген 6587 гектар күріш дақылының бүгінгі күнге 4619 гектары (70,1 %) ораққа түсіп, 3840 гектары (58,3 %)  бастырылып орта өнім 42,5 цн/га айналуда.

Ауданда күріш жинау жұмысы 10 қазанда толық аяқталады деп күтілуде.


Анықтама (2021 жылдың І жартыжылдығы)

Аудандық статистика басқармасынан алынған жедел ақпаратқа сәйкес 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 3 млрд.677 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 102,2 %-ға артты.

2021 жылдың 5 айында ауылшаруашылығы саласына 38,7 млн. теңгенің инвестициясы тартылды (2020 жылы 204,6 млн. теңге).

ЕГІНШІЛІК. Үстіміздегі жылы барлығы 17 090 га жерге (меже 17 685 га) ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (2020 жылы 17 675 га).

О.і. күріш дақылы 6587 га, жаздық бидай 230 га, тары 30 га, күнбағыс 15 га, картоп 300 га, көкөніс 900 га, бақша 1050 га, жаңа жоңышқа 2648 га, ескі жоңышқа 4690 га және сүрлемдік жүгері 600 га.

Айта кету қажет, ү.ж. орын алған құрғақшылық пен Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты межеленген егіс көлемі 595 га кем орындалды (жаздық бидай 340 га, мақсары дақылы 70 га, сүрлемдік жүгері 135 га және күріш дақылы 50 га).

Егістен межелі өнім алу мақсатында шаруашылықтар 4408 тн минералды тыңайтқыш және зиянды организмдерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін 4967 литр пестицидтер сатып алды.

Шаруашылықтар үстіміздегі жылдың егісіне 1809 тн күріш, 39 тн жаздық бидай, 0,8 тн мақсары, 28 тн жоңышқа және 11,5 тн жүгері дақылы тұқымдарын пайдаланды. Атап өту қажет, осы жылы күріш тұқымы сорттарын жаңарту мақсатында барлығы 945 тн элита тұқымын сатып алды. Бұл, барлық пайдаланған күріш тұқымның 52,2 % құрайды.

Көктемгі дала және егін егу жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 338 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысты.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаулардың арқасында шаруашылықтардың машина-трактор паркі тұрақты жаңарып келеді.

2021 жылы шаруашылық құрылымдары барлығы 30 дана ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлап ("РЗА-Агро" ЖШС 5 дана, "Агро-Өркен" ЖШС 12 дана, «Жанкент Агро» ЖШС 7 дана, "Ерғали" ШҚ 2 дана, "Наурыз" ШҚ 2 дана, «Орынтай» ШҚ 2 дана), бүгінгі күні 9 дана техника 42,3 млн теңгеге сатып алынды (РЗА-Агро ЖШС 1 дана, «Жанкент Агро» ЖШС-гі 8 дана).

Мемлекет тарапынан көктемгі егін егу және дала жұмыстары үшін барлығы 955 тн арзандатылған дизель отыны бөлініп, (жеткізіп беруші оператор НефтьТрансҚызылорда ЖШС) шаруашылықтарға әр литрі 164 теңгеден 725 тн (75,9%) жеткізілді.

2021 жылға бекітілген сызбаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарын вегетация кезінде суармалы сумен қамтамасыз ету үшін

352,63 млн. м³. су және экологиялық қажеттілікке 270,0 млн.м³ су қаралып, ауданға барлығы 622,63 млн. м³ суға лимит бөлінді.

Қазіргі таңда, шаруашылықтардың егіс алқаптарында дақылдарды күтіп-баптау және жоңышқа ору жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған мәліметтер бойынша бүгінгі күні 4800 га күріш егісі үстеп қоректендіріліп, 5120 га күріш егісінің арам шөптеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шаруашылықтардан алынған мәліметтерге сәйкес, ауданда егілген 6587 га күріш дақылының 58,5 % (3851 га) жақсы, 36,3 % (2392 га) орта, 5,2 % (344 га) қанағаттанарлық деп бағалануда. Күріш дақылының 4420 га (67,1 %) түптену және 2167 га (32,9 %) түтікке шығу фазасында.

Бұдан бөлек, 600 га сүрлемдік жүгері дақылына культивация жүргізіліп, 500 га үстеп қоректендіріліп, суғару жұмыстары жүргізілуде.

Шаруашылықтар бүгінгі күні ескі жоңышқа дақылының 1-ші орымын аяқтауға жақын. Күтімге алынған 4690 га ескі жоңышқаның 400 га тұқымға қалдырылып, 4290 га орылуға тиісті көлемнен бүгінгі күні 2140 га орақ түсіп, 2382 тн жоңышқа шөбі дайындалып, орта өнім гектарына 11,0 цн айналуда. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Ораққа түсетін 3676 га ескі жоңышқа дақылының бірінші орымы толық аяқталып, барлығы 4690 тн жоңышқа шөбі дайындалды (орта өнім 12,4 цн/га). Бүгінгі күні екінші орым жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, жаздық бидай дақылын жинау жұмыстары басталып, бүгінгі күнге 530 га жиналып, барлығы 417 тн өнім алынды (орта өнім 7,9 цн/га). Бидай жинау жұмыстары алдағы 1-2 күнде аяқталып, арпа дақылына орақ салынатын болады.

ЗИЯНДЫ ОРГАНИЗМДЕРМЕН КҮРЕС. «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының (әрі қарай - Әдістемелік орталық) мәліметіне сәйкес 2021 жылы барлығы 1900 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу болжанып (о.і. 600 га шаруашылық жері, 1300 га мемлекеттік жер қоры) бүгінгі күнгі химиялық өңдеу жұмыстары («Авиакомпания «Дельта-Юг» ЖШС, Түркістан облысы) толығымен аяқталды.

Ерекше қауіпті шегіртке зиянкесі италиялық прустың дернәсілдеріне қарсы көктемгі - жазғы мониторингтік зерттеу жұмыстары барысында анықталған 495 гектарға толықтай химиялық өңдеу жасалды.

Азиялық шегірткенің дернәсілдеріне қарсы көктемгі - жазғы мониторинг жұмыстары барысында анықталған 8705 гектарға химиялық өңдеу жүргізіліп болды. Оның 7610 гектарына «Агро СЛА» ЖШС жеңіл әуе ұшағымен (дельтоплан) химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізсе, 1095 гектарын ЖК «Ақкөзов Б.Ж» жер агрегатымен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда, ауданда фитосанитариялық ахуал тұрақты, проблемалық мәселелер жоқ. Аталған жұмыстарға тиісті мекемелер тарапынан бақылау жұмыстары жүргізіліп, қадағалануда.


Анықтама (2021 жылдың 1 тоқсаны)

 Егіс көлемі. Инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестірудің 2015-2022 жылдар аралығындағы бірыңғай схемасын басшылыққа ала отырып 2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру барлығы 17 685 гектарға межеленіп отыр.

 Дәндi дақылдар 7237 га, майлы дақылдар 125 га, мал азықтық дақылдар 8073 га, картоп, көкөнiс, бақша 2250 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 6637 га.

Дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. Осының нәтижесінде Осының нәтижесінде 2020 жылмен салыстырғанда мақсары дақылы 17 гектарға, жаңа жоңышқа 214 гектарға және ескі жоңышқа дақылы 323 гектарға ұлғайтып орналастыру жоспарлануда.

Тұқым дайындау. 2021 жылдың егісі үшін 1910 тн күріш, 90 тн жаздық бидай, 28 тн жоңышқа және 2,8 тн мақсары дақылының тұқымдары дайындалды.

  Анықтамалық: Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы шаруашылықтар күріш тұқымы сорттарын жаңарту мақсатында «Сыр Маржаны» ЖШС-гі  «ЕрӘлі» ШҚ-нан 250 тн лидер, «Рза Агро» ЖШС-гі «Будан» ЖШС-нен 11,5 тн «ЗПСК» жүгері, «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС 185 тн янтар күріш және 4,2 тн мақсары, «Жалаңтөс батыр» ЖШС-гі «Мағжан и К» ЖШС-нен 30 тн лидер, «Агро Өркен» ЖШС-гі «Мағжан и К» ЖШС-нен 180 тн янтар, «Алшын» ЖШС-гі «Агрохолдинг Қызылорда» ЖШС-нен 50 тн лидер тұқымын сатып алу үшін келісім шартқа отырып, жеткізілуде.

Сонымен қатар, биылғы жылдың егісі үшін 4020 га (меже 4020 га) сүдігер көтеріліп, 150 га (меже 150 га) жер қандыра суғарылса, 16 мың га (меже 20,0 мың га) шабындық пен жайылымдық суландырылды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер дайындау. Аудан бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 3226 тн минералды тыңайтқыш  және күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын 4408 литр гербицид қажет. Осыдан бүгінгі күнге дейін, барлығы 2860 тн (88,7 %) тыңайтқышы жеткізілді.

Техника дайындығы 2021 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 144 трактор, 55 соқа, 34 тұқым сепкіш, 45 автомашина және 60 трактор тіркемесі бар. Барлығы 100,0% жөндеуден өтті.

Жанар-жағар май. Көктемгі егін егу және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдікпен /164 теңге литр/   955 тн /о.і. наурыз айына 560 тн, мамыр айына 395 тн/ дизель отыны бөлініп, жеткізіп беруші оператор болып, НефтьТрансКызылорда ЖШС белгіленіп, бүгінгі күнге шаруашылықтар келісім шартқа отырып, 374 тн дизель отыны жеткізілді. («Рза Агро» ЖШС-гі 220 тн, «сыр Маржаны» ЖШС-гі 62 тн, «Агро Өркен» ЖШС-гі 62 тн, «Жалаңтөс батыр» ЖШС-гі 30 тн)

Суармалы сумен қамтамасыз ету және су жүйелерінің дайындығы. 2021 жылы орналасатын ауыл шаруашылығы дақылдарын вегетациялық кезеңде тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 350,93 млн м3 және экологиялық қажеттілікке 270,0 млн м3 барлығы 620,93 млн м3 суармалы су лимитіне келісім алынды.

Аудан көлемінде ерте егілетін дақылдар егу жұмысытары. Жаңа жоңышқа 2648 га (624 га 23,6 %), жаздық бидай 570 га (125 га 21,9 %)  және мақсары 110 га (15 га 13,6 %) орындалды. Сондай-ақ, 4690 га (3030 га 65 %) ескі жоңышқа тырмаланып, суғарылып, күтімге алынуда.


«Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2020  жыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Егіс көлемі. 2020 жылы барлығы 17 675 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  орналасты.

Оның ішінде дәнді дақылдар 7616 га (күріш 6496 га, жаздық бидай 790 га, арпа 300 га,тары 29 га), картоп,көкөніс, бақша 2250 га, мал азықтық дақылдар 7701 га (жаңа жоңышқа 2434 га, ескі жоңышқа  4367 га, сүрлемдік жүгері 900 га), майлы дақыл 108 га (мақсары 93 га, күнбағыс 15 га).

Негізгі дақыл күріш 6496 гектар.

Шаруашылықтар 2020 жылы егіске 4685 тонна минералдық тыңайтқыш және арамшөптеріне қарсы 7890 литр гербицид  пайдаланып, күріш егісінің 4900 га үстеп қоректендіру және 5550 га арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, 900 га сүрлемдік жүгері дақылына 2 рет култивация жүргізіліп, үстеп қоректендірілді.

Тұқым. Шаруашылықтар үстіміздегі жылдың егісіне 1818 тн күріш, 134 тн жаздық бидай, 60 тн арпа, 1,8 тн мақсары, 30 тн жоңышқа және 25 тн жүгері дақылы тұқымдарын пайдаланды.

Атап өту қажет, осы жылы күріш тұқымы сорттарын жаңарту мақсатында барлығы 655 тн элита тұқымын сатып алды. Бұл, барлық пайдаланған күріш тұқымның 36,0 % құрайды.

Айта кету қажет, үстіміздегі жылы картоп, көкөніс, бақша дақылдарынның өндірістік негіздегі егіс көлемі артып отыр.

Атап айтқанда, "Данияр" ШҚ (Сарыкөл ауылдық округі) барлығы 20 га (о.і. 15 га картоп, 5 га бақша) және "Дүзбаев Әсет" ШҚ (Ақжона ауылдық округі) барлығы 23 га (о.і. 5 га картоп,  6 га көкөніс, 12 га бақша) егіп мол өнім жинады.

Жанар-жағар май. Мемлекет тарапынан кепілді бағамен көктемгі егін егу және күзгі егін жинау жұмыстары үшін барлығы 2593 тн дизель отыны бөлініп, таратылды (о.і. көктемде 1503 тн, күзде 1090 тн жеткізіп беруші оператор «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС).

Техникалық саясат. 2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер машина-трактор паркін жаңалау мақсатында барлығы 409 млн. теңгеге 26 дана әр түрлі ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды (о.і. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 15 дана, өз қаржысына 11 дана).

Суармалы су пайдалану. 2020 жылы егілген 17 675 га ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету үшін 374,08 млн м3 және экологиялық мұқтаждыққа 270,0 млн м3 барлығы 644,08 млн м3 су лимиті бөлініп пайдаланылды.

Егін жинау. Аудан дихандары 2020 жылы егілген 6337 гектар күріштің әр гектарынан 41,0 центнерден (2019 жылы 46,0 ц/га) өнім жинап, ел қамбасына 25 мың тоннадан астам астық құйды.

Дәнді дақылдар 790 га жаздық бидай дақылынан орта өнім 8,1 цн айналып (2019 жылы 7,4  цн/га), жалпы өнім көлемі 640 тн құрады. 300 га арпа дақылынан орта өнім 2,6 цн айналып, барлығы 78 тн өнім алынды. 29 га тарының орта өнімі 20,4 цн (2019 жылы 20  цн/га) құрап, барлығы 59,1 тн өнім алынды.

Майлы дақылдар 15 га күнбағыстан орта өнім 14,6 цн/га (2019 жылы 13,5  цн/га) барлығы 22 тн және 93 гектар мақсары дақылынан орта өнім 1,5 центнерден құрап (2019 жылы 4 цн/га) барлығы 14 тн өнім алынды.

Картоп, көкөніс, бақша дақылдары Сондай-ақ, бүгінгі күні ауылдық округтерден алынған мәліметтер бойынша картоп, көкөніс,  бақша дақылдары түгелімен жинап алынды. Жалпы өнім көлемі картоптан 4350 тн, көкөністен 12150 тн және бақшадан 15225 тн құрап, орта өнім картоп 145 цн, көкөніс 135 цн,  бақша 145 цн айналды. Атап өту қажет, өткен жылмен салыстырғанда аталған дақылдарда орта өнім көлемі біршама жоғары.

Мал азықтық дақылдары 4367 га ескі жоңышқаның 600 гектарын тұқымға қалдырып, 3767 гектары екі рет орылып барлығы 12566 тонна өнім жиналды /орта өнім 28,5 цн/га/.  Ағымдағы жылы егілген 2435 гектар жаңа жоңышқа дақылынан 1839 тонна өнім жиналды. /орта өнім 7,6  цн/га/. 900 гектар сүрлемдік жүгері дақылынан барлығы 3910 тн өнім алынып орта өнім 43,4 цн/га айналды.

Тұқымға қалдырылған ескі жоңышқадан 62,5 тонна тұқым алынды. Бұдан бөлек,  100,6  мың (меже 100,6 мың)  тонна табиғи шөп дайындалды.

2021 жылғы егіс көлемі. Алдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру  барлығы 17 685 гектарға межеленуде (2020 жылы 17 675 га), оның ішінде;

дәнді дақылдар 7232 га (2020 жылы 7616 га),

мал азықтық дақылдар 8073 га (2020 жылы 7701 га),

картоп, көкөніс, бақша 2250 га (2020 жылы 2250 га),

майлы дақылдар 125 га (2020 жылы 108 га),

Негізгі дақыл - күріш 6637 га (2020 жылы 6496 га).

Тұқым дайындау. 2021 жылдың егісі үшін 1858 тн күріш тұқымы, 97 тн жаздық бидай, 39 тн жоңышқа және 2,8  тн мақсары дақылының тұқымдары дайындалды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың егісі үшін 4020 га (меже 4020 га) сүдігер көтерілді.

2020 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісі  14 млрд. 528 млн теңгені құрап, (о.і. өсімдік шаруашылығы 7 091,3 млн.тг 100 % мал шаруашылығы 7 060,9 млн.тг 100,5%)  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5-%-ға артқан.


«Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ІІI тоқсанында 

атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

 Егін шаруашылығы.

2020 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру  барлығы 17 765 гектарға межеленіп, өткен жылмен салыстырғанда 257 гектарға ұлғайту жоспарланып  орындалуда (2019 жылы 17508 га).

Оның ішінде дәндi дақылдар 7616 га, майлы дақылдар 108 га, мал азықтық дақылдар 7701 га, картоп, көкөнiс, бақша 2250 га. Негізгі дақыл күрiш 6496 га.

Дақылдарды орналастыру барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп, нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда аталған дақылдар көлемі 452 га артты (жаздық бидай 140 га, арпа 108 га, тары 4 га сүрлемдік жүгері дақылы 200 га).

Егінді күтіп-баптау. Осы жылдың егісі үшін барлығы 4681 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды.

Күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын 7890 литр  гербицид қажет деп есептелінсе, 100 пайызға қамтамасыз етілді.

Дақылдардың өсу дәуірі барысында оңтайлы мерзім ішінде тиісті агротехникалық шараларға сай күтіп-баптау жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілді.

Шаруашылықтар егілген күріш егісінің 4900 гектарын  /меже 4900 га 100 %/ үстеп қоректендіріп және 5550 гектарына /меже 5500 га 100 %/ арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жасады.

Егін жинау. Қазіргі уақытта, 790 га жаздық бидай дақылы түгел жинап алынды, әр гектардан орташа өнім 8,1 центнерден айналды   (2019 жылы 7,4  ц/га). 300 гектар арпа дақылы түгелімен жиналып 2,6 центнерден өнім алынды.

Сонымен қатар ағымдағы жылы егілген 93 гектар мақсары дақылы түгелімен жиналып орта өнім 1,5 центнерден келді.

Сондай-ақ, күтімге алынған 4367 га ескі жоңышқаның 600 гектарын тұқымға қалдырып, 3767 гектарынан ІІ – орым жиналып, барлығы 10 728 тонна өнім жиналды. /орта өнім 28,4 цн/га/ . Ағымдағы жылы егілген 2435 гектар жаңа жоңышқа дақылынан 1839 тонна өнім жиналды /орта өнім 7,6 цн/га/ .,

Тұқымға қалдырылған ескі жоңышқадан 62,5 тонна тұқым алынды.

Сүрлемдік жүгері  ауданда 900 гектар жерге егіліп, бүгінгі күнге 100 гектары жиналды.

Сонымен қатар, бүгінге 100,6 мың (меже 100,6 мың) тонна табиғи шөп дайындалды.

Сондай-ақ, картоп дақылының 254 га (84,6 %),  көкөністің 861 га (95,7 %), бақшаның 982 (93,5 %) жинап алынды. Аталған дақылдарды жинау қазан айының 10 дейін толық аяқталатын болады.    

Қазіргі таңда, ауданда күріш жинау жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

01.10.2020 жылға күріш дақылының 4526 га  орылып, 3380 гектары  бастырылды.  Қырманға 12113 тн күріш салысы құйылып,  орта өнім гектарына 35,8  центнерден айналуда.

Техника дайындығы. Егін орағына қатысатын қолда бар ауылшаруашылығы техникаларынан /комбайын 42, жатка 29, трактор 40, жүк көлігі 59 және трактор тіркемесі 115 трактор /  бүгінгі күнге 100 пайыз қатысуда.

Күріш орағына  10 дана (3-і Джон-Дир, 7-і Магдон) жатка мен 12 дана (5-і Джон-Дир, 7-і Класс) комбайын шетел фирмаларының жоғары өнімді техникалары қатысуда.

Жанар-жағармай. Күзгі егін жинау және дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан кепілді бағамен босатылатын 1093 тн (о.і. шілде айына 205 тн, тамыз айына 528 тн, қыркүйек айына 361 тн) дизель отыны бөлініп, жеткізіп беруші операторлыққа «Нефтьтранс-Қызылорда»ЖШС белгіленіп /1 литр бағасы 165 теңге/  бүгінгі күнге шаруашылықтарға 720 тн дизель отыны жеткізіліп отыр.

Тұқым дайындығы. Сондай-ақ, алдағы жылдың егісі үшін 608 тн күріш, 199 тн жаздық бидай, 2 тн арпа, 5 тн мақсары және 31,5 тн жоңышқа тұқымы дайындалды.

Жәрмеңке: 2020 жылдың басынан барлығы 58,6 тонна болатын азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада 2 рет машина үстінде сату жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 9 айында Нұрсұлтан қаласында 1 рет, Қызылорда қаласында 1 рет ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізілді.

Онда,  жалпы құны  35898,8 мың теңгенің  237 тонна өнім сатылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Ағымдағы жылдың 9 айында  республикалық бюджеттен 24 447,0 мың теңге  қаржы қаралып 88 маманға көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек, барлығы 24 446,4 мың теңге ұсынылып 99,9 пайызға игерілді.

Сонымен қатар  тұрғын үй сатып алу үшін  330 050,0 мың теңге  бюджеттік кредит барлығы  81 маманға  ұсынылып 99,9 пайызға игерілді.


«Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің І жарты жылдығында  атқарылған жұмыстар туралы

АНЫҚТАМА

Егін шаруашылығы. 2020 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері барлығы 17 626 га /меже 17511 га/ ауыл шаруашылығы дақылдары  115 га немесе 0,6 % артық орындалды.

Оның ішінде, дәндi дақылдар 7616 га, майлы дақылдар 108 га, мал азықтық дақылдар 7652 га, картоп, көкөнiс, бақша 2250 гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 6496 га.

Дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытына ерекше мән берілді. Осының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда жаздық бидай 140 га, арпа 108 га, тары 4 га сүрлемдік жүгері дақылы межеленген көлемнен 115 га ұлғайтып егілді.  

 Дақылдарды күтіп-баптау

Егілген егістіктен межеленген өнім алу мақсатында шаруашылықтар биылға барлығы 4310 тонна минералдық тыңайтқыш және егіс арамшөптеріне  қарсы  барлығы  7890 литр гербицид сатып алды.

Қазіргі таңда, ауылшаруашылығы құрылымында егісті күтіп-баптау жұмыстары бүргізілуде. Бүгінгі күні, шаруашылықтардан алынған мәліметке сәйкес 3050 гектар (меже 4900 га) күріш егісі (62,2%) тыңайтқыштармен үстеп қоректендірілсе, арам шөптерге қарсы 5500 га (меже 5500 га) (100%) жерге химиялық өңдеу жасалды.

Мал азығын дайындау

Қазіргі таңда, шаруашылықтарда ескі жоңышқа дақылын жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні, аталған дақылдың 600 га тұқымға қалдырылып, ораққа түсетін 3 641 га жердің 2 680 га орылып, 2 198 тн жоңышқа шөбі (орта өнім 8,2 цн/га) дайындалды. Сонымен қатар, бүгінге 3,0 мың тонна табиғи шөп дайындалды. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.

Жаздық бидай дақылы толық пісуге жақын, алдағы бір апта көлемінде жинау жұмыстары жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары.

2020 жылы аудан көлемінде саяқ шегіртке зиянкесіне қарсы барлығы 1872 га (о.і. мемлекеттік жер қоры 1087 га, ауылшаруашылығы жерлері 785 га) жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу болжанған болатын. Осыған байланысты аталған зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының көлемін нақтылау мақсатында барлығы  9800 га жерге мониторинг зерттеулер жүргізіліп, оның ішінде экономикалық зиян келтіру шегінен асқан 1872 га жер химиялық өңдеуге жатқызылып, оның 2 350 га химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Мал басында өсім тұрақты. Мүйізді ірі қара 40037 басқа жетіп, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (211 басқа) Қой 68792 бас (2747 басқа), ешкі 46283 бас (622 басқа), жылқы 32202 бас (3294 басқа), түйе 10933 бас (519 басқа) өсті.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің «Етті мал шаруашылығын дамытудағы 2018-2027 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 125 бас шет елден МІҚ,                   5000 бас қой сатып алу, 1280 бас бордақылау алаңына бұқашық өткізу, тұқымдық түрлендіруге қатысу 5425 бас аналық МІҚ, 217 бас асыл тұқымды бұқа қатысу жоспары берілген. Енді осы индикативтік жоспардың орындалуына тоқталсақ:

  1. Шет елден 80 бас МІҚ малы сатып алынды. Орындалуы 64 пайыз.
  2. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 335 бас қой сатып алынды. Орындалуы 6,7 пайыз.
  3. МІҚ малының аналықтарының басын көбейту мен оларды тұқымдық түрлендіруге 525 бас қатыстырылды. Орындалуы 9,7 пайыз.
  4. Асыл тұқымды бұқаларды түрлендіруге қатыстыруға 21 бас бұқа сатып алынды. Орындалуы 9,7 пайыз.
  5. Бордақылау алаңдарына 23 бас бұқашық өткізілді. Орындалуы 1,8 пайыз.

2019-2020 жылдары Әйтеке би кентіндегі «Ақарық» каналына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

 Сонымен қатар Әйтеке би кентінде орналасқан «Ақкиіз» және Ғ. Мұратбаев ауылдық округіндегі Ақарық каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

  «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының теңгеріміндегі Оң жаға магистралды каналынан бастау алатын Басықара каналының 15,7  шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Қазалы қаласын экологиялық жағдайын және сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен барлығы 94,8  млн. теңге бөлініп "Көне қырғыз" (90,0 млн.теңге) және "Дәулет-арық" каналына (4,845 млн.теңге)  механикалық тазалау және гидротехникалық құрлысына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үстіміздегі жылдың күз айларына жоспарлануда.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде  79 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несиеге 330,5 млн. теңге қаржы қаралып, мамыр-маусым айларында 54 маманға 214 731,0 мың теңге игерілсе, қалған қаржыны қыркүйек айында игеру жоспарда бар.


Егіс көлемі. Инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестірудің 2015-2022 жылдар аралығындағы бірыңғай схемасын басшылыққа ала отырып 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру  барлығы 17 511 гектарға межеленіп отыр (2019 жылы 17 511 га), оның ішінде;

- дәнді дақылдар 7501 га, 

- мал азықтық дақылдар 7652 га, 

- картоп, көкөніс, бақша 2250 га, 

- майлы дақылдар 108 гектар құрайды.

- Негізгі дақыл күріш егісінің көлемі 6341  гектар.

Дақылдарды орналастыруды әзірлеу барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. Осының нәтижесінде жаздық бидай 120 га, арпа 108 га, тары 4 га, мал азықтық дақылдар 101 га ұлғайып егу  жоспарлануда.

Тұқым дайындау. 2020 жылдың егісі үшін шаруашылықтар өз күшімен 1909 тн (қажеті 1775,5 тн) күріш, 195 тн (қажеті 131 тн) жаздық бидай, 66 тн (қажеті 72 тн) арпа, 38 тн (қажеті 30 тн) жоңышқа және 3,4 тн (қажеті 2 тн) мақсары дақылы тұқымдары дайындады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың егісі үшін 7500 га сүдігер көтерілді. 

Дайындалған күріш тұқымының 336 тн (17,6 %) І-ші, 526 тн (25,5 %) ІІ-ші және 1047 тн (54,8 %) ІІІ-ші репродукциялы.

Сондай-ақ, олардың 250 тн Новатор, 446 тн Лидер, 877 тн Янтарь, 320 тн Фоварит және 16 тн отандық Айкерім сорттары.

Қазіргі таңда шаруашылықтар көктемгі ақ егісті бастап кетті. Оның ішінде жаңа жоңышқадан 2255 га, мақсарыдан 93 га, жаздық бидайдан 790 га, арпадан 300 га егілсе ескі жоңышқаның 4367 гектар тырмаланып 2085 гектары суғарылды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың егісі үшін 7500 га (меже 7500 га) сүдігер көтеріліп, 400 га (меже 500 га) жер қандыра суғарылса, 17 мың га (меже 20,0 мың га) шабындық пен жайылымдық суландырылды.

Минералды тыңайтқыш пен гербицидтер дайындау. Аудан бойынша осы жылдың егісі үшін барлығы 4637 тн минералды тыңайтқыш және күріш арамшөптеріне қарсы қолданатын 7891 литр гербицид қажет.

Осыдан бүгінгі күнге дейін барлығы 3525 тн (76 %)  тыңайтқышы жеткізілді.

Техника және жанар-жағар май 2020 жылдың наурыз айындағы есеп бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында көктемгі дала жұмыстарына қатысатын 142 трактор, 55 соқа, 22 тұқым сепкіш,  12 автомашина және 56 трактор тіркемелері толық жөндеуден өтіп ақ егіс егу жұмыстарына қатысуда.

2020 жылдың көктемгі егіс және дала жұмыстары үшін арзандатылған дизель отынының лимитіне 1430 тонна бөлініп, жеткізіп беруші оператор «Нефтьтранс-Қызылорда» ЖШС-гі  белгіленді.

 Мал шаруашылығы. 2020 жылдың 01 наурызына статистикалық жедел есеп мәліметіне сәйкес, аудан бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1179,7 млн. теңгені құрап (о.і. мал шаруашылығы 1178,6 млн, егін шаруашылығы 0,7 млн), нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 109,3 пайыз болып отыр.

Өндірілген өнім бойынша: ағымдағы жылдың 2 айында сүт өндірісі   тонна 2099,3 т (2019 жылдың 2 айында 2030,0 тонна) 103,4 пайыз, ет өндірісі 1016,9 т (тірілей салмақта) (897,6 тонна) 113,3 пайыз, жұмыртқа өндірісі 66,7 мың дана (65,5 мың дана) 101,8 пайызға орындалды.

2020 жылдың 1 наурызына мал басы: МІҚ  36485 бас (2019 ж 01 наурызына 36262 бас) 223 басқа артық немесе 100,6%, о.і.аналық сиыр  16261 бас (15801 бас)  460 басқа, немесе 102,9%.

Қой 48500 бас (46666 бас)  1834 басқа немесе 101,5%, жылқы 29524 бас (26194 бас) 3330 басқа немесе 112,7 %, түйе 9661 бас (9174 бас)  487 басқа, немесе 112,7%, құс  7538 бас (7032 бас) 506 басқа, немесе 107,2% өскен,ешкі 35715 бас (36536 бас)  821 басқа кеміген, немесе 97,8%.

Ешкі мал басы жеке жұртшылық үлесінен төмен түсіп отыр. Себебі жеке тұрғындар өздерінің тұрмыстық қажеттіліктеріне байланысты (сойып, сатып) пайдалануда.

Мал шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламаларға қатысуы: 2020 жылдың 3 айында «Қазалы Несие» КС арқылы «Іскер» бағдарламасы арқылы Әйтеке би кентінен жеке кәсіпкер «Тұрсымұратов» 4050,0 мың теңгеге 10 бас аналық бие, 1 бас а.т.айғыр, 1 бас а.т.бұқа, Қазалы қаласынан «Орынтай» шқ-ғы 7,0 млн теңгеге 19 бас аналық бие, 1 бас а.т айғыр, Көларық ауылдық округінен «Кәдірбай» шқ-ғы 3,0 млн теңгеге 11 бас аналық МІҚ, 1 бас а.т.бұқа, 1 бас а.т айғыр сатып алса, «Сыбаға» бағдарламасыменМұратбаев ауылдық округінен «АсылҒани» шқ-ғы 10050,0 мың теңгеге 335 бас қой сатып алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 15 жеке кәсіпкер 37637,5 мың теңгеге жылқы малын сатып алды.

Жәрмеңке. Азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру және тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сатуды ұйымдастыру мақсатында а.ж. 20 наурызында ауданымызда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ жәрмеңкеге облыстық тұрақтандыру қорынан 19 тонна азық-түлік төмен бағада өнімдерін әкелініп, сатылымға шығарылды.

Дата публикации
15 апреля 2020
Дата обновления
16 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

12 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
12 мая 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
28 апреля 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Социальные медиа

Вконтакте
Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы