
2025 жылғы 29 қыркүйекте Қазалы ауданының активі өтті. Жиында сайланған әкім Алмасбек Әбілқасымұлы Есмахановқа куәлік табыс етілді.
Қазалы ауданы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Алмасбек Әбілқасымұлы Есмаханов 2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.
Алмасбек Есмаханов 1982 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген.
20 жылға жуық мемлекеттік құрылымдардағы түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Оның ішінде Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімдігінің аппарат басшысы, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымын абыроймен атқарған.
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы. "AMANAT" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы.
«AMANAT» партиясымен ұсынылды.