Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы 28 қыркүйекте өткен Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 28 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 47 219 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 32 337 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 917 қатысты. Кандидаттардың жалпы саны – 5.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес және учаскелік сайлау комиссияларының Қызылорда  облысы Қазалы ауданының әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын белгіледі:

Есмаханов Алмасбек Абилкасимович үшін сайлаушылардың 21096 дауысы берілді, Жанабаев Габит Жумабекович үшін сайлаушылардың 3240 дауысы берілді, Казбекова Мира Жомартқызы үшін сайлаушылардың 2984 дауысы берілді, Койшыбаев Шахмардан Султанбекович үшін сайлаушылардың 2605 дауысы берілді, Измагамбетов Бауыржан Нурланович үшін сайлаушылардың 1994 дауысы берілді

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 215.

Сайлау қорытындысымен Қазалы ауданының әкімі болып Есмаханов Алмасбек Абилкасимович сайланды. 1982 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында тұрады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14, 45, 113-11 баптарына сәйкес Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 29  қыркүйектегі шешімімен 2025 жылғы 28 қыркүйекте сайланған  Есмаханов Алмасбек Абилкасимович Қызылорда  облысы Қазалы ауданының әкімі болып тіркелді.

Қазалы  ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 сентября 2025
Дата обновления
29 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
18 июня 2026
Баспасөз хабары
Ақпарат
18 июня 2026
Баспасөз хабары
17 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Социальные медиа

Вконтакте
Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты