Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының «Ақтан батыр ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісі бос лауазымына конкурс жариялайды.

Хабарландыру

 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы  2 ақпандағы № 70 бұйрығы және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының     үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес  Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының «Ақтан батыр ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісі бос лауазымына  конкурс жариялайды.

І. Конкурс өткізілетін орны:  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, Ақтан батыр көшесі №7 «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. 

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық  мекен-жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

 Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, Ақтан батыр көшесі № 3  үй, индекс: 120403. Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының «Ақтан батыр ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

ІІІ . Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Лауазымдық міндеттері: шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және кәсіпорын мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;

елді мекен (ықшам аудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;

кәсіпорын жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;

көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;

демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;

қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексін», «Еңбек кодексін», Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: "Өнер"  немесе "гуманитарлық ғылымдар" (мәдениеттану), білім (музыкалық білім) немесе "қызмет көрсету" (әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, мәдени-тынығу жұмысы) мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5.Еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының  көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

  1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады. 

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • Он сегіз жасқа толмаған;

 2)   Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:

 Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес (15) күн ішінде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылы, Ақтан батыр көшесі № 7 үй, индекс: 120403 . тел: 8 (724 38)                 25 2 27 «Көларық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады. 

 

 

Дата публикации
24 октября 2020