Қазалы ауданының Бозкөл  ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

 

 

2026 жылғы 16 маусым күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қазалы ауданы бойынша Бозкөл ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың 3-уі де  (100 %)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылғы 21 маусым күнгі сағат 18-00-де аяқталады.

         Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Дата публикации
17 июня 2026