
Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы, 1982 жылы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында дүниеге келген.
2002 жылы Қызылорда аграрлық техникалық колледжін экономист-бухгалтер, 2005 жылы Қызылорда гуманитарлық университетін экономист және 2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін заңтану мамандықтары бойынша бітірген.
2013 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі және АҚШ-тың Каролина штатының ДЮК университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесін алдым. «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі атанған.
Алғашқы еңбек жолын Қызылорда қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің маманы қызметінен бастаған. Содан бері облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің әлеуметтік нормалау және әлеуметтік көмек бөлімінің жетекші маманы, құжаттамалық қамтамасыз ету, бақылау, кадр жұмысы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы, мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қызмет бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2008 жылдан Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, Тасбөгет кенті әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі сынды түрлі қызметтер атқарған.
2014 жылдан бастап Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы болып қызмет жасаған.
2015-2018 жылдар аралығында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2018 жылдан бастап Қызылорда қаласы әкімі аппаратының аппарат басшысы, Қызылорда қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып қызметтер атқарған.
2020-2022 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2022-2024 жылдары Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерінде болды.
2024 жылдың шілдесінен бастап «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарды.
2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Қазалы ауданының әкімі.