
Қайрымдылық көмек
'Адал адам' мәдени-тәрбие орталығының «Еріктілер» тобы жобасы аясында Шәкен ауылдық клубы жанынан құралған 'Шабыт' еріктілер тобы мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға қайырымдылық қол көмек көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға үлес қосу .
Қайырымдылық шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға жан-жақты қолдау көрсетілді. Игі іске атсалысқан еріктілер отбасының тұрмыс жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосып, аула ішін қоқыстан толықтай тазартты. Бұл көмек отбасы үшін үлкен демеу болып, олардың өмір сүру ортасын анағұрлым таза әрі жайлы етуге мүмкіндік берді. Қайырымдылық – қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділіктің айқын көрінісі.