
"Адал адам " мәдени-тәрбие орталығының "Креатив HUB" жобасы аясында Шәкен ауылдық клубынның ұйымдастыруымен Шәкен ауылының тұрғыны қол өнер шебері Қоланова Ақмарал және үйірме мүшелерінің қолдан жасалған қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 10-нан аса жас шеберлер қатысып, өздерінің туындыларын ұсынды. Бисерден, жасалған түрлі туындылармен қатар, кестелеп тігілген, өрнектеп безендірілген бұйымдары да осы көрмеден табылды.
Жастар арасында ертеден келе жатқан қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытқан жандардың бары қуантады.
Басты мақсат – қолөнершілердің басын қосып, туындыларын көпшілікке таныстыру. Осы арқылы тарихымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойына елге, жерге деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту.