
"Бала және заң"
Бастауыш сыныптарда «Бала және заң» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға заң дегеніміз – адамдардың қоғамда дұрыс өмір сүруі үшін қойылған ережелер екені түсіндірілді. Әрбір баланың білім алуға, демалуға, ойын ойнауға, қауіпсіз ортада өмір сүруге құқығы бар екені айтылды.
Сонымен қатар оқушыларға өз құқықтарымен қатар міндеттері де бар екені түсіндірілді. Атап айтқанда, мектеп ережесін сақтау, үлкендерді сыйлау, мұғалімнің сөзін тыңдау, достарымен тату болу – әр баланың міндеті екені айтылды. Сабақ барысында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар өз құқықтары туралы білгендерін суреттер салу арқылы түсіндірді.
Тәрбие сағаты оқушылардың заңға деген құрметін арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне, тәртіпті, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етті.