БҮГІН – ТАЗАРУ КҮНІ

БҮГІН – ТАЗАРУ КҮНІ

23 наурыз – Тазару күніне орай Сарыкөл ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды.

Мекеме қызметкерлері сенбілікке бірауыздан атсалысып, ағаш көшеттерін отырғызып, су айдындары, саябақтар, қоғамдық орындар мен көшелерге тазарту жұмыстарын жүргізді.

Бұл игі шара қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, туған жерді таза ұстаудың маңызын айқындай түсті.

Табиғатты қорғау, тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет.