🎈 «БАЛА – ӨМІРДІҢ НҰРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ🎈

🎈 «БАЛА – ӨМІРДІҢ НҰРЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ🎈

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Абай ауылдық клубында «Бала – өмірдің нұры» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат еткен шараға клуб жанындағы үйірме өнерпаздары мен №90 орта мектеп жанындағы жазғы тынығу лагерінің демалушы бүлдіршіндері қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.

Мерекелік концертті Абай ауылдық клубының меңгерушісі Сүлейменов Нұрлыбек Байқараұлы ашып, балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде балалардың еліміздің жарқын болашағы екенін атап өтіп, олардың бақытты балалық шағы үшін жасалып жатқан игі бастамаларға тоқталды.

Концерт барысында әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, мың бұралған бишілердің өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Балғын өнерпаздар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді.

Сонымен қатар, балалар мен ата-аналардың қатысуымен қызықты ойындар ұйымдастырылып, түрлі сайыстар өткізілді. Көңілді ойындарға қатысушылар белсенділік танытып, ерекше әсерге бөленді. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің көркін аша түсті.

Шара соңында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, мерекелік кеш әсерлі сәттерге толы болды.

✨ Балалар – біздің болашағымыз, өміріміздің нұры мен қуанышы. Барша бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейміз!