23 СӘУІР - ҰЛТТЫҚ КІТАПТАР МЕН КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ

23 СӘУІР - ҰЛТТЫҚ КІТАПТАР МЕН КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен «Оқитын аудан» жобасы аясында Жанкент ауылдық кітапханасының оқырмандары «Бесатар» повесі бойынша сахналық көрініс ұсынған болатын.
Жоба қорытындысы бойынша аталған қойылым жоғары бағаланып, жүлделі І орынды иеленді.
Қатысушылар шығарма мазмұнын терең ашып, кейіпкерлердің бейнесін шынайы жеткізе білді. Бұл – оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігінің айқын нәтижесі.