ҚҰРМЕТТІ МЕЙМАН ЖАНКЕНТ ТӨРІНДЕ

ҚҰРМЕТТІ МЕЙМАН ЖАНКЕНТ ТӨРІНДЕ
8 сәуір күні Өркендеу ауылдық округіндегі Киелі Жанкент шаhарына, Белгілі ирандық геолог, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми Қызылорда облысына іссапармен арнайы келіп көне қалашықтың тарихымен танысып, оң бағасын бірді.
Құрметті қонақтар мен бірге Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы, олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Артаев Бақтияр Ғарифуллаұлы және Қазалы ауданының әкімінің орынбасары Әбсұлтанов Мұрат Әбсұлтанұлы арнай келіп Жанкент қалашығының тарихымен танысты.
Құрметті қонақтарды қарсы алуға Қазалы ауданының әкімдігі, қазалы ауданының мәдениет бөлімінің мамандары ауыл әкімшілік ұжымы, 104 орта мектеп ұстаздары мен қызметкерлері, Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің қызметкерлері атсалысып өз үлестерін қосты.
Жанкент шаhарын таныстыру жұмыстарын "Жанкент жастары" ұйымының төрағасы, ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері, өлкетанушы Гид Мурзалиев Талап Алтынбекұлы аудармашы маман мен бірге өткені мен бүгіні туралы таныстырып, тарихтан сыр шертіп, қазыналы шаhардың ерекше кезеңдерін, келген қонақтарымызға таныстырып өтті.
Қадірлі меймандар оң бағасын беріп,
оң өзгерістер болатындығын жеткізді.
Киелі мекен Жанкент қалашығы өсіп-өркендей берсін!