Бүгін Өркендеу ауылдық округі бойынша Наурызнаманың 10 күндігіне сәйкес, Жанкент ауылдық мәдениет Үйі жанындағы "Адал адам" мәдени - тәрбие орталығының "Креативті Хаб" жобасы аясында
18 наурыз - Ұлттық киім күніне орай
"Ұлттың сәні - Ұлттық киім" атты Жанкент ауылындағы мекеме қызметкерлерімен ауыл тұрғындары арасында ұлттық киім кию акциясы болып өтті.
Мақсаты Ұлттық сән мен ұлттық киімді ұлықтау, насихаттау.
Ұлттық киім күніне орай ауыл ақсақалдары, әзиз әжелер қауымы, ауыл әкімшілік ұжымы, ✓104 орта мектеп ұжымы, ✓5 Аққоян Бөбекжай Балабақшасы ұжымы және Ауылдық Емхана ұжымы мен Жанкент ауылдық мәдениет Үйі, ауылдық кітапхана ұжымы және ауыл тұрғындары, дәстүрімізге сәйкес сән - салтанаты үйлескен ұлттық киімді киіп насихаттады.
Ауылдық Емхана ұжым қызметкерлері ұлттық киім күні қазақы дәстүрге сәйкес, шашу шашып, бауырсақ ұсынып ерекше өз үлестерін қосты.
Наурызнаманың 10 күндігіне атсалысып, өз үлестерін жоғары деңгейде көрсетіп үлес қосқан кәсіпорын басшылары мен ұжым қызметкерлеріне Ел- халық атынан алғыс білдіреміз.
Құрметке бөлене беріңіздер!!!