Бүгін «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының аудандық кезеңінде №104 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қанатқызы Күнікей "Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киім үлгісін дайындау" номинациясы бойынша жүлделі I орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Жүлдегер оқушымызды және жетекші ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа биіктерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!

Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген дарынды оқушыларымыз көп болсын!