Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен Жанкент ауылдық мәдениет Үйі жанындағы
"Адал адам" мәдени - тәрбие орталығының "Жанұя шуағы" жобасы аясында,
8 наурыз - Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай
"Мейірімі мөлдіреген асыл аналар" атты ауылдық кітапханамен бірлескен мерекелік концерттік кеш болып өтті.
Мерекелік концерттік кешті ауылдық жастар ұйымының төрағасы, мәдениет Үйінің әдіскері Мурзалиев Талап Алтынбекұлы ашып жүргізді.
Мерекелік концерттік кеш аясында Өркендеу ауылдық округінің әкімі
Қуанғали Қожахмет Мүбәракұлы ашып, аналарымызды құттықтап, бір қатар түрлі салада қызмет атқарып жүрген ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымызға аудан әкімі, ауыл әкімі атынан алғыс білдіріп, сый-сыйапатын табыс етті.
Шараға ✓104 орта мектеп ұжымы, ✓5 Аққоян бөбекжай балабақшасы, Емхана ұжымы, өз үлестерін қосып, қолдау көрсетіп атсалысты.
Мерекелік кеш әр қарай концерттік бағдарламаға ұласып,
Дархан Оразымбетовтың "Ана" әнін, Халық әні "Күміс құман-ай" әнін "Жанкент" фольклорлық ансамблі орындаса, кәсіпорын директоры Рсалы Болатбек Сырашұлы "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнін, кәсіпорын сүйемелдеушілері Жеткербаева Айткүл "Отбасым" әнін, Алиев Ануар "Анаңды сүйсең, менше сүй" әнін орындап ұсынды.
Аналар мерекесі драма үйірмесінің жетекшісі
Алтынкул Еспенветова ның "Мейірімді ана" көрінісіне ұласып, әр қарай сазды әнмен көркемделсе,
✓104 орта мектебінің бастауыш пәнінің мұғалімі ауылымыздың әнші қызы Бигелдинова Гүлнұр "Жолыққан қандай жақсы"әнін орындаса, ауылдық кітапханашы Нәдірова Назерке Әлібекқызы "Аналар алтын" әнін орындап мерекелік кешті думанға бөледі. Мерекелік кешті ауылдық мәдениет Үйінің қызметкері
Шапагат Абдуали Еркінқызы сүретке түсіріп, мәдени іс - шараға өз үлесін қосты.
Мерекелік кешке келген ауыл тұрғындары барша ақ жаулықты асыл аналар мен ел ағалары өнерпаздарға алғыс білдіріп тарқасты.