АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
2026 жылдың 18 ақпан күні, №5 "Аққоян" бөбекжай-балабақшасында "Мектепке дейінгі ұйымдарда қоршаған ортаны қалыптастырудағы балалардың еңбек әрекеті" тақырыбында аудандық ашық есік күні өтті.
Ашық есік күнін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Махамашова Лаура Тілекқызы ашып,сөз сөйледі.
👨‍🌾Балаларды ерте жастан еңбекке баулу мақсатында, балабақша тәрбиешілері ойын іс-әрекеттерімен бөлісті.
"Балдәурен" тобының тәрбиешісі Айзақова Нүргүл "Дәннен нанға дейін" тақырыбында балаларға еңбек етудің қандай маңызды екенін түсіндірді.
🏂 "Балдырған" тобының тәрбиешісі Сарман Мөлдір "Қысқы орман" тақырыбында спорттық ойындармен тәрбиеленушілерді шынықтырып, ойынға белсене қатыстырды.
🐇"Балбөбек" тобының тәрбиешісі Куракбаева Данагүл "Қоянға көмектесейік" тақырыбында аппақ қояндармен қызықты ойындар өткізді.
🐓"Ақжүрек" тобының тәрбиешісі Умирзакова Зияш "Үй құстары" тақырыбында тәтті балапандары мен жұмыртқаларды жинап, үй құстарын тамақтандырды.
🧼Аязбаева Бақыт "Біз өнерлі балалармыз" тақырыбында тәрбиеленушілерімен жеңіл әрі эко сабынның жасалу жолын көрсетіп, хош иісті сабындар жасап шығарды.
👫Педагог-психолог Мендибаева Женисгуль "Мен және еңбек" тақырыбында мектепке дейінгі ұйыммен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмыс көрсетті.
🤱Аналар мектебінің жұмысында, тәрбиеші Гүлназ Абдикемалова аналармен бірге керемет қойылым қойып, Мусаева Назкен, Надирова Назерке, Шатабай Гүлназ аналарымыз әсем әнмен әрледі.
👩‍🏫 Мектепке дейінгі ұйымдардан келген әріптестеріміз өздерінің ұсыныс,пікірлерін айтып, балабақша педагогтері Аудандық білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешовтың атынан "Алғыс хатпен" марапатталды. Балаларға мейірім мен білімді қатар сыйлап жүрген әріптестеріме, еңбектеріңіз еленіп, әрқашан жетістікке жетіңіздер дегім келеді. Балабақша ұжымының атынан құттықтаймыз