Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен Жанкент ауылдық мәдениет үйінде ✓104 орта мектебінің Ұлағатты ұстаздарының ұйымдастыруымен, ауылдық кәсіпорындардың және жас мамандар мен ауыл жастарының қатысуымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған "Мұқағали-мәңгілік жыр" тақырыбында әдеби сазды кеш өтті.
Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Мектеп мұғалімдері сомдаған "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы көрерменді ерекше әсерге бөледі.
Ауыл әкімі Қожахмет Мүбаракұлы, ардагер ұстаз Ғалия Аманқызы ақын жайлы естеліктермен бөлісті.
Кешке ауыл тұрғыны ұлағатты ұстаз Көбеген Шаттық, ✓104 орта мектебінің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Меңеева Айжан, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Дабылов Едіге, әнші ұстаз Бигелдинова Гүлнұр, жас маман ұстаздар Қаруов Азамат, Әсен Нұрдаулет, Нұржан Оңдасынұлы, белсенді ұстаздар Айгүл Көлібайқызы, Әлиева Ақгүл, Мусаева Назкен, Нұрадин Алима, Теңізбай Гүлжауhар сынды ұстаздар қауымы ой-пікірлерін білдіріп, жүргізіп, ақынның өмірі мен өлеңдерін терең ойымен дәріптеп ұсынды.
Әдеби сазды кеште Жанкент ауылдық мәдениет Үйінің директоры Рсалы Болатбек Сырашұлы ақиық ақынның "Сенің көзің" әнін орындап кештің көркін кіргізді.
Әдеби сазды кеште, Мұқағали Мақатаевтың "Фариза қыз", "Ей өмір", "Қазалы желі", "Отан", "Мен деп ойла"
"Есіңе мені алғайсың" әнін ауылдық мәдениет Үйінің әдіскері Талап Алтынбекұлы орындаса өлеңдері мен әндері орындалып, түрлі сала мамандары мен зейнеткер ұстаздар, естеліктері бөлісіп, ақын кешінің жоғары дәреже де өтуіне атсалысып өз үлестерін қосып ұсынды.
Тағылымды кештің көрерменге бергені мол болды.