
Референдум: 14 наурыз – Тыныштық күні
Республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Оған сәйкес, 12 ақпаннан бастап 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізіледі.
21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум учаскелері шекарасы туралы мәлімет жарияланады.
22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізім ұсынылады.
27 ақпан – 4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
12-14 наурызда учаскелерге бюллетеньдер жеткізіледі.
14 наурыз – Тыныштық күні.