№190 орта мектепте 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазу ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімін нығайту, заңға бағынудың және жеке қауіпсіздіктің маңызын тереңірек түсіндіру болды.
Бұл іс-шара балалар мен полиция арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заң мен тәртіпті құрметтеу – біздің ортақ болашағымыздың кепілі!
Тәртіпті, қауіпсіз және білімді ұрпақ тәрбиелейік!