Бүгін аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары және мектеп директорлары қатысты.
Кеңесте 2024 жылға арналған аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс жоспары талқыланды және бекітілді.
Сонымен қатар, 2023 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар туралы мәселе қаралды.
Комиссия отырысы барысында жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестің алдын алу бойынша жұмыс пысықталды.
Осыған байланысты комиссия мүшелері, ардагер мұғалім Серік Қуанышбаев, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жолекешов, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Нұрмағамбетова, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің директоры Арман Мұсаев және бірқатар мектеп директорлары өз ойларын білдірді.
Аудан әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы отырысты қорытындылап, тиісті сала басшыларына ұсынылған ұсынымдарға байланысты жұмыс жүргізуді тапсырды.