
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН КӨРДІ
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай ауданға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге ауданда жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылады.
Алдымен Жанқожа батыр ауылындағы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық мектептің жағдайын зердесоңғыледі. Мердігер мекеме — «Асар» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, білім ордасы 2025 жылдың наурыз айында пайдалануға берілген болатын. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы мердігер мекеме тарапынан мектеп ғимаратының кейбір аумақтарындағы кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.