
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов саналы ғұмырын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған азамат, Бірлік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Өтеп-Әлі Өміртай Жалғасұлына құрмет көрсетіп, зейнет демалысына шығарып салды.
-Өміртай Жалғасұлы, саналы ғұмырын туған елінің дамуына, ауылдың өркендеуіне арнаған, өз ісіне адал, еңбекқор азамат. Бұл кісінің атқарған қызметі, ел үшін сіңірген еңбегі әрдайым жоғары бағаланып, көпшілікке үлгі болады. Ұзақ жылдар бойы халықтың сенімін ақтап, жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Бүгінгі зейнеткерлік демалыс – бұл бір белестің аяқталып, жаңа өмір кезеңінің басталуы. Алдағы уақытта да отбасыңызбен бірге аман-есен, ұзақ ғұмыр кешіп, немер-шөберелеріңіздің қызығын көріп, ортамыздың ақылшысы болып жүре беруіңізге тілектеспіз, - деген аудан әкімі Өміртай Жалғасұлына облыстың ең жоғары марапаты - Қызылторда облысының «Құрмет грамоасын тапсырды.