Руханият орталығында өткен мерекелік кездесуде аудан басшысы барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың қоғамдағы орны мен ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбектерін ерекше атап өтті. Ауданның өсіп-өркендеуіне, ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық өмірдің түрлі салаларына белсенді атсалысқан аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екендігін жеткізді.