ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінде мерекелік шара өтті. Көктемнің көркіне айналған бұл мереке білім саласында еңбек етіп жүрген нәзікжанды ұстаздарға құрмет көрсетуге арналды.
Мерекелік жиында Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов сөз сөйлеп, білім саласының аруларын төл мерекелерімен құттықтады. Ол ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қосып жүрген өлшеусіз еңбектері үшін алғысын білдірді.