«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА МӘЖІЛІС ӨТІП, ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА МӘЖІЛІС ӨТІП, ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазалы ауданындағы «Руханият» орталығында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында атқарылған профилактикалық іс-шараларды қорытындылап, алдағы жұмыстарды жоспарлауға арналған арнайы мәжіліс өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов және тиісті сала басшылары мен аудан бойынша пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, осы бағыттағы Президент тапсырмасын жүзеге асыруда аудан көлемінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізді.