Қазалы ауданы әкімдігі мен Қазалы аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиямен бірлескен жоспарына сәйкес жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейд тұрақты түрде өткізізіліп келеді.
Шараның мақсаты – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау.
Рейдтік шара барысында жасөспірімдердің жиналатын орындары, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен саябақ аумақтары араланып, профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.