АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ МЕН САЛЫҚ БАЗАСЫН ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және салық базасын ұлғайту мәселелеріне байланысты аппарат мәжілісін өткіздік.
2025 жылдың 12 айымен ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 32 млрд. 825 млн. теңге (112,3 %) болса, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 28 млрд. 863 млн. теңгеге (112,8 %) орындалған. Өткен жылдың қорытындысымен негізгі капиталға 29 млрд. 281 млн. теңге инвестиция тартылып, өсім 5,2 пайызды құрады. Аудан көлемінде 20 млрд. 726 млн. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, 145 пайызды құрады. 67 мың 93 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен 2025 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілді. Алдағы кезеңде де экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейтуге жұмыс жасалатын болады.