ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Елімізде Конституциялық реформаға енгізілген өзгерістерді халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатындағы ақпараттық-насихат жұмыстары Қазалы ауданында жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағытта Қазалы аудандық мәслихаты төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы мен «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде.
Бүгін спикерлердің қатысуымен Қазалы вагон жөндеу депосы қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесуге спикерлермен бірге Қазалы аудандық мәслихат депутаты, Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Әліпбаев Талғат және вагон жөндеу депосының басшысы Түйебай Айбосын қатысты.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті арттыру секілді қағидаттарға назар аударылды.