
📢 Ауыл көшелері еріген қар суынан тазартылуда
Көктемнің келуімен бірге еріген қар суы ауыл ішіндегі көшелерде жиналып, тұрғындарға қолайсыздық тудыруда. Осыған байланысты ауылымызда тазарту және су бұру жұмыстары жүргізілуде. Жол бойындағы су сору шаралары атқарылуда.
Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін қолға алынды. Ортақ іске бейжай қарамай, түсіністік танытқан барша ауылдастарға алғыс білдіреміз!
Бірге еңбектенсек – ауылымыз таза әрі көрікті болады!