ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

ДАЛА ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ!

Дала өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Дала өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. 

 

Дала өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Дала өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жіберуі мүмкін. Ол кез келген жерде тұтанады. 

Жаңа басталып келе жатқан дала өрттерін байқаған жағдайда бірден  су құю, жасыл бұтақтармен сабалау, құм және топырақ себу, таптау арқылы отты сөндіру шараларын  қолданыңыз. Өз күштеріңізбен өртті сөндіру мүмкін болмағанда міндетті түрде өрт сөндіру бөлімін, орман күзеті қызметкерлерін, полицияны және жергілікті билік өкілдерін хабардар етіңіз.

 

Өрт шыққан жағдайда 101, 112 

байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар.