
Құрметті округ тұрғындары!
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағдарлама ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға бағытталған, және қаржыландыруды «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жүзеге асырады.
Несиелеу шарттары:
Жылдық 2,5% жеңілдетілген мөлшерлеме;
5 жылға дейін – жалпы кәсіпкерлік жобаларға;
7 жылға дейін – мал шаруашылығы жобаларына;
10,8 млн теңгеге дейін – жеке кәсіпкерлерге;
34,6 млн теңгеге дейін – ауыл шаруашылығы кооперативтеріне.
Қолдау көрсетілетін бағыттар:
Ауыл шаруашылығы;
Қызмет көрсету саласы;
Өндіріс;
Асыл тұқымды мал шаруашылығы;
Ауыл шаруашылығы техникасы.
Қаржыландырылмайтын бағыттар:
Сауда;
Құрылыс;
Айналым қаражаты.
Кепіл мүлік ретінде қабылданады:
Тұрғын үй, пәтер;
Кәсіпкерлік нысандар;
Басқа да жылжымайтын мүлік.
Қосымша ақпаратты Аранды ауылдық округі әкімінің аппаратына келіп алуларыңызға болады.