
«Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы ауыл шаруашылығын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жобаның маңыздылығын түсініп қызығушылық білдірушілердің саны күннен күнге артып келеді. «Ауыл аманаты» жобасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту. Оның тиімді жолы – кооперативтер ашу. Яғни қосалқы шаруашылық түрлерін қолдай отырып, Үкімет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді пайдалануға көмек көрсету. Оның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін сату, оларды сақтау. Қожабақы ауылының тұрғындары да қызығушылық білдіріп, 2026 жылға жоңышқа егу, тоғанда балық өсіру және тағы басқа бағыттар бойынша несие алуға жұмыстар жүргізілуде.