ҚОЛЖЕТІМДІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

ҚОЛЖЕТІМДІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

ҚОЛЖЕТІМДІ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

 

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы
ҚР Үкіметінің 17.09.2024 жылғы № 754 қаулысының негізінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында мемлекеттік гранттар беру мен кәсіпкерлік нысандарға қажетті инфрақұрылымдарды тарту мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

Мемлекеттік гранттар конкурсына әлеуметтік кәсіпкерлік мәртебесі бар кәсіпкерлер мен облыстық кәсіпкерлік палатасының жыл сайынғы негізде өткізетін «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.

Гранттар тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастамаға беріледі.

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алу үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 17.07.2023 жылғы № 140 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес Тізілімге ену қажет.

Мемлекеттік гранттар беру конкурсына өтінім мен тиісті құжаттар субсидиялаудың ақпараттық жүйесі («kezekte.kz» цифрлық платформасы) арқылы қабылданады.

Ал, инженерлік инфрақұрылым экономиканың басым секторларындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне және индустриялдық аймақта орналасқан кәсіпкерлік объектілеріне жүргізіледі.

Инфрақұрылым сомасы – жалпы жоба құнының 50%-нан аспауы және жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30%-ды құрауы қажет.

Инфрақұрылым түрлеріне су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер және бу-газды құрылғылар салу жатады.

Инженерлік инфрақұрылым тарту үшін өтінім мен тиісті құжаттар қолма-қол қағаз түрде немесе субсидиялаудың ақпараттық жүйесі («kezekte.kz» цифрлық платформасы) арқылы қабылданады.

Толығырақ ақпарат алу үшін төмендегі сілтеме арқылы өте аласыз:

https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kasipkerlik/documents/details/795063

Анықтама мекенжайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, құрылыс 1, облыстық мекемелер үйі.

Анықтама телефоны: 8 (7242) 60-54-08.