Қызылорда облысының қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
2025 жылғы 30 қаңтар күні қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Нұрхожаев Болат Жолтайұлының төрағалығымен облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес отырысында Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлы Басқарма тарапынан 2024 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттері жайлы есеп берді.
Сондай-ақ, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Әбілтай Ғизат Майданұлы Корпорация тарапынан атқарылған жұмыстар мен жоспарларын қосымша баяндады.
Жалпы, кеңес мүшелері тарапынан облыста кәсіпкерлік саласындағы басты мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, алдағы даму жоспарларына өз ұсыныстарын білдірді.