Қазіргі таңда өз ісін бастаймын деген жанға шектеу жоқ. Тек тұтынушы талғамы мен талабын білсең болғаны. Десек те мұның бәрі еңбекпен, ізденіспен келетінін жасыра алмаймыз.
Қазалы ауданының тұрғыны Лаура Ізетуллақызының өндіретін гранола -табиғи таза өнім. Адам ағзасына пайдасы зор өнім дұрыс тамақтануды жөн көретіндер үшін таптырмас дүние.
Кейіпкеріміз үй жағдайында балаларының таңғы ас мәзіріне қосып, балаларына таңғы асқа жылы сүтпен немесе йогуртпен пайдаланған. Кейін бұл құнарлығы жоғары және дәрумендер мен микроэлементтерге бай таңғы асқа қызығушылығы артып, арнайы оқу курсына қатысу арқылы сертификатын алған.
Қазіргі таңда, кәсіпкер гранола жасауға арнайы рұқсатнама құжаттарын алдыртуда.
Байланыс нөмірі: 8 701 603 42 44