"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасы шеңберінде қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі, сондай-ақ қоршаған ортаның жағдайың жақсартуға бағытталған зауыттар салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру бағдарламасын іске қосады.
Бағдарлама лизинг және несиелеу құралдары арқылы қаржыландыруды ала алатын отандық кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
Қаржыландыру шарттары:
• лизингтік қаржыландыру мерзімі - 3 жылдан 15 жылға дейін;
• қаржыландыру валютасы - теңге;
• Лизинг алушының өз қатысуы – жоба құнының кемінде 20%, оның ішінде кемінде 10% ақшалай қаражат;
• сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 3%.
Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу және өтінім беру үшін Қордың өңірлік дирекциясына келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласыңыз: +7 (7172) 796-440, +7 (7172) 796-470