Ұлттық әшекей бұйымдары

Ұлттық әшекей бұйымдары

Қазіргі уақытта ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар үлкен сұранысқа ие болуда.
Кәсіпті нәсіп еткен қазалылық кәсіпкер Сағырбек Нұрбану ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдар - шашбау, шекелік, тақия, шолпы, алқа бұйымдарын түрлі үлгіде жасауда.
Жастар арасында ұлттық әшекей бұйымдарын тағу трендке айналды, сондықтан кәсіпкер Сағырбек Нұрбану ұлттық бұйымдарды күнделікті тағуға ыңғайлы етіп дайындайды.
Кәсіпкердің жұмысына сәттілік, кәсібіне береке тілейміз.
Мекен-жайы: Әйтеке би кенті, «Арзан» базар 2-қабат, 15-орын.
Инстаграм желісіндегі парақшасы: @kazaly_ruchnaya.rabota