Қызылорда облысының Даму орталығы

Қызылорда облысының Даму орталығы

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу, салалық және кешенді даму бағдарламаларының жобаларын әзірлеу, инвестицияларды тарту, сондай-ақ басым инвестициялық жобаларды іске асыру , бизнес субъектілері арасында тиімді байланыстарды жолға қоюға Қызылорда Облысының Даму Орталығының айтарлықтай ықпал етіп отырғанын атап өткен жөн.

Өңірдің инвестициялық тартымдылығының өсуіне, мемлекеттік органдар, даму институттары мен Даму орталығының көмегімен облыстың атқарушы органдарының жұмысын бірнеше стратегиялық деп айқындалған бағытта күшейту жоспарлануда. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сауда-логистикалық әлеуетті пайдалану, инновацияларды қолдана отырып өнеркәсіпті дамыту, цифрландыруды енгізу, сондай-ақ адами капиталдың сапасын арттыру. Инвестицияларды тартуды ұлғайту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің рөлі арттырылмақ. Нәтижесінде, өңірде кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділікті арттыруға ықпал ететін болады.