НАРЫҚТА-ECO GREEN ЖАҢА ӨНДІРІСІ

НАРЫҚТА-ECO GREEN ЖАҢА ӨНДІРІСІ

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Сәбиұлы жеке кәсіпкер Самал Смаилованы қабылдады.

Кәсіпкер өңір нарығына және өндіріске жаңа эко өнімдерімен келді. Eco Green компаниясының құрылып, өндіріс қызметін қосқанына аз уақыт болса да, қызылордалық тұтынушылардың қызығушылығын тудыруда.

ЖК “Самал” өндіріп жатқан өнімдердің ерекшелігі- эко азықтардың табиғи пайдасын сақтай отырып халыққа тек сапалы өнімдер ұсыну.

Атап айтатын болсақ, өндірісте Гранола-дайын таңғы асы, арнайы Жаңа Зеландиялық құрылғымен кептірілген жемісті эко-чипсылар және жемісті пастилалар өндіруде.

Кәсіпкердің қазіргі таңдағы мәселесі арнайы цехтың болмауынан үлкен көлемдегі тапсырыстарды қабылдай алмайтыны.

Осы орайда Басқарма басшысы қолданыстағы заңнама аясында кәсіпкерге қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.