Санитарлық-гигиеналық торап құрылысы жүргізілуде

Санитарлық-гигиеналық торап құрылысы жүргізілуде

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 1645 шақырымында орналасқан «Оазис» жол бойы қызмет көрсету қызметінің жанынан қойма және санитарлық-гигиеналық торап құрылысы жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 30,0 млн теңге. Жоба бастамашысы жеке кәсіпкер А.Убайділдаева жоба іске қосылғанда тұрақты 5 жаңа жұмыс орындары ашылатындығын жеткізді.

Айта кетейік, 2023 жылы «Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін төлеу» субсидиялауға байланысты 4 кешеннің санитарлық-гигиеналық торабы комиссия қарауында оң шешім алды.