Сырдария ауданында шетелдік инвесторлармен кездесу өтті

Сырдария ауданында шетелдік инвесторлармен кездесу өтті

Бүгін Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округіндегі «Жетікөл - жері» ЖШС-нің жұмыстарымен танысу мақсатында шетелдік инвесторлармен кездесу өтті.

Кездесуге ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары, «Восток» бизнес-тобының қаржы директоры Сергей Бражко, «Аграрлық инновациялар институты» директоры Владимир Дудченко, «Солтүстік-шығыс ауыл шаруашылығы институтының» директоры Виктор Кабанец, институттың «Селекция және тұқым шаруашылығы зертханасының» меңгерушісі Виталий Кабанец, «Жетікөл - жері» ЖШС-нің құрылтайшысы Бермағамбет Шаймов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев қатысты.

Шетелдік ғалымдар ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, «Су шаруашылығы мен мелиорацияны дамытуды ғылыми қамтамасыз ету», «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің заманауи селекциясындағы дәнді дақылдар институтының негізгі жетістіктері және оларды өндіріске енгізу» тақырыптарын қамтыды. Сонымен қатар, кездесу барысында «Солтүстік-шығыс ауыл шаруашылығы институтымен» ынтымақтастық туралы ұсыныстарын жеткізді.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласында ғылымның алар орны ерекше екенін айтып өтті. Ол ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғарғы өнім алу үшін ғылыми тәжірибе алмасуды алдағы уақытта да жалғастыруды ұсынды.

Айта кетейік, «Жетікөл - Жері» ЖШС-гі 2022 жылы құрылған. Серіктестік директоры Владимир Дудченко. Инвесторы Бермағамбет Шаймов. Егіншілік саласын әртараптандыру бойынша Жетікөл ауылынан 5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 2000 гектар (бау-бақша үшін) жер телімі берілген. Бүгінгі күнге 500 гектар жерін ашып егін егуге дайындап қойды. «Жыңғылдыкөл» және «Военторг» каналдарының бойына күріш, арпа, күнбағыс, соя, жүгері, күздік бидай егуді және 20 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды жоспарлап отыр.