Жалағаштық кәсіпкер «Ековата» өндірісін қолға алды

Жалағаштық кәсіпкер «Ековата» өндірісін қолға алды

Қазір сәулет-құрылыс нысандары мен тұрғын үй құрылысы жұмыстарына экономикалық және экологиялық жағынан тиімді өнімдерге деген сұраныс көбейтіп отыр. Осыны ескерген жалағаштық кәсіпкер Мұрат Әбілов өңірде сұранысқа ие «ЕКОВАТА» құрылыс материалын шығаруды қолға алды. Бұл өнім – экологиялық тұрғыдан тиімді әрі салмағы жеңіл. Бағасы да қолжетімді. Ең бастысы – материал сапалы әрі төзімді.

Бір ерекшелігі, бұл «ЕКОВАТА» құрылыс материалынына құрт-құмырсқа жоламайды, ыстыққа төзімді, суыққа шыдамды көрінеді. Мәселен еліміздің батыс, солтүстік өңірлері үй-құрылыс қабырғасын қаптауға және үйдің төбесін жабуға осы материалды жие қолданады екен. Себебі қыста үйдің жылы болуына осы «ЕКОВАТА-ның» үлкен септігі бар. Міне енді көптің игілігіне жараған, оңтүстік өңірлерде де сұранысы артқан бұл сапалы құрылыс материалы бізге де келді. Кәсіпкер Мұрат Әбілов материалдың дайындалу технологиясын меңгеруге 3-4 жылын арнады. Сапалы дүние шығару үшін цех құрылғыларын шетелден арнайы тапсырыспен алдырды. Бүгінде қолға алған кәсібін дөңгелетіп, тұрғындардан тапсырыс қабылдауды бастады.