Қазалыда «Тұзды ем бөлмесі» қызмет көрсетеді

Қазалыда «Тұзды ем бөлмесі» қызмет көрсетеді

«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында мемлекеттік гранттар беру конкурсына 2021 жылы қатысқан жас кәсіпкер Болат Айда қайтарымсыз грант қаражатына ие болған

Жас кәсіпкер ауданымызда алғаш рет Әйтеке би кентінің орталығынан «Асылым мед» сауықтыру орталығында тұзды ем бөлмесін ашып, қазіргі кезде тұрғындарға өз қызметтерін көрсетіп келеді.

Тұзды бөлме – табиғи тұзды үңгірдің баламасы. Адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай галотерапиялық ем қабылдау уақыттары да әрқалай болады.

Аталған тұзды бөлмеде арнайы құрылғы көмегімен жіберілетін аэрозоль ауа тамшылары арқылы емделушінің тыныс органдарынан бастап бактериялар жойылып, жаңару процесстері жүреді.

Бұдан бөлек, «Асылым мед» орталығынан дәрі дәрмексіз табиғи жолмен кешенді ем қабылдауларыңызға толық мүмкіндіктер қарастырылған.

-Ересектер, балалар емдік массаждары;

-Косметология;

-Инемен емдеу(игла терапия);

-Садху тақтасы(шегеге тұру);

-Хиджама;

-Аксесс барс;

-Фито емдік бочкасы.

Орталықта медициналық білімді, сертификатталған, тәжірибелі мамандар қызмет көрсетеді.