Қызылорда облысында 41 индустриялық жоба жүзеге асырылмақ

Қызылорда облысында 41 индустриялық жоба жүзеге асырылмақ

Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 41 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Индустрияландыру картасының іске асырылған жобаларымен шығарылған өнім көлемі 8 млрд. теңгеге артып, жалпы 18 млрд. теңгені құрады. (56% артты). Экспорт 24,3% (4,1 - ден 5,1 млрд.теңгеге дейін), ал экспорттаушы елдер саны 8-ден 12-ге дейін өсті. Биылдың өзінде 48,5 млрд.теңгеге 506 жұмыс орны құрылатын 4 жоба іске асырылады. Олар: табақша шыны өндіретін зауыт, ас тұзын өндіретін зауыт, құс етін өндіретін фабрика және түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт. Өңірде шыны өндірісін түбегейлі дамыту көзі ретінде шыны зауытының айналасында жалпы сомасы 27 млрд.теңгеге 8 ілеспе өндірістер ұйымдастырылуда. Бүгінде «шыны талшықтар мен айна шығару» жобалары жүзеге асырыла бастады. Жалпы бүгінгі күнге шыны зауытының құрылыс жұмыстары 85,3% аяқталып отыр. Бұдан басқа, 2 ірі нысанның құрылысы басталуда, бұл - қуаттылығы жылына 4 млн.тоннаға дейін болатын «Шалқия» кен орнындағы тау-кен байыту комбинаты және Арал қаласында қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт. Кальцийлендірілген сода шығаратын зауыттың айналасында ас содасы, жуғыш заттарды, еріткіштер мен химикаттар шығаратын 4 ілеспе өндірістер ұйымдастырылатын болады. Бүгінде моңғол, түрік, чех және қытай компанияларымен тері, жүн, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.